menu
Жабу

Кеңес ал!

Дәмі ауыздан кетпейтін деликатес

11.07.2025

Жылқы етінің ысталған түрі – қазақ ұлттық тағамының ажырамас бөлігі. Қазы, жая, жал, шұжық және май құйрық сияқты дәстүрлі өнімдер мерекелік дастарқанның нағыз сәні. Ғасырлыарға жалғасып келе жатқан дайындау, тұздау мен ыстау әдісі, ерекше технологияларының арқасында бұл өнімдер сұраныстан кеткен емес.

«Ет деликатестерін қайталанбас дәмі мен пайдалы қасиеттері үшін жұрт жақсы көреді. Әрине, бұл дайындау технологиясы дұрыс болғанда және сақтау шарттары сақталғанда ғана мүмкін. Дәмі көп жағдайда тұздау әдісіне байланысты - ол дымқыл, құрғақ немесе аралас болуы мүмкін. Тұздағаннан кейін ет артық тұзды жою үшін жібітіледі, содан кейін термиялық өңдеуден өтеді, салқындатылады. Содан кейін ғана өнім пайдалануға дайын»,-дейді «Әділет» ЖК басшысы, кәсіпкер Раушан Сибатова.

Бизнесті кеңейту және өндірісті жаңғырту мақсатында «Әділет» ЖК ысталған бұйымдарды өндіру цехы үшін заманауи жабдықтар сатып алуға кірісті. «Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ 19,75%-бен несие берді. Оның 11,75%-ын мемлекет субсидиялайды, қалғанын тек 8%-бен ғана кәсіпкер төлейді. Мұнымен қатар, Кепілдік беру қоры несие сомасының 47%-ына кепілдік берді. Бұл – қаржылай тәуекелді едәуір азайтты және қаражатқа қол жеткізуді жеңілдетеді.

Қазір «Әділет» ЖК өнімдері Атырау облысының нарығында сұранысқа ие. Сөлді және хош иісті деликатестерді халық сүйіп жейді. Бұл – брендке деген жоғары сапа мен сенімнің дәлелі. Компания заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, дәстүрлі дәмдерді сақтауды қамтамасыз ете отырып, өндіріс көлемін ұлғайтуды және қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізуді мақсат етіп отыр.

г. Атырау, Көк арна шағын ауданы, 43 а

инстаграм: kolovertnoe_kz