menu
Жабу

Дәмді бизнес

Жаңалықтар
18.09.2019

Той томалақ, қуанышты бөлісетін дастарханның тортсыз өтпейтіні белгілі. Мерекенің сәні, тоқбасардың дәмі болған бұл тағамды мыңдап, жүздеп жасайтын орындар саны да күннен күнге артып келеді.

«Vanil» кондитерлік үйі 2012 жылы құрылған отбасылық бизнес. Шымкент қаласында кондитерлік дүкен ашу жөнінде идея көтеріп, оны жүзеге асырған - Әлия Әмірбекова.

Фото 1.jpeg

Әлия – өз ісін сүйетін кондитер. Бұл іс қызығатын хоббиінен сүйікті мамандығына айналған. Ойын жүзеге асырмас бұрын Испания, Франция, Ресей және Украинаның үздік кондитерлік мектептерінде оқып шықты. Қазір Шымкентте аспаз бен кондитерлер гильдиясының мүшесі.

Өзінің сүйікті кондитерлер, суретшілерімен бірге Әлия сіздің кез-келген мерекеңіз үшін тапсырысқа эксклюзив торт пен тәттілер пісіріп бере алады.

«Азық-түлік өнеркәсібінде бизнес бастау оңай болмады. Бастапқы капитал, жұмыс күші, өткізетін жер, сәйкестік сертификаты, рұқсат қағаздары керек еді. Біз қиындықтарды жеңдік, тәжірибе жинадық. «Даму» Қорының көмегімен өз ғимаратымызды сатып алдық. Қазір күнделікті жеуге арналған жеңіл тоқбасарлармен қатар, кез келген күрделі авторлық дизайны өнімдерді шығаратын өз кондитерлік үйіміз бар», - дейді Әлия Әмірбекова.

Кондитерлік бөлімге күн сайын бірден бірнеше тапсырыс келіп түседі. Олар: қуыршақ, машина немесе сүйікті мульткейіпкерлері бар балаларға арналған, үйлену тойының, сүйіктісіне арналған атаулы, әзіл, күрделі безендірілген торттар немесе классикалық кремді торттар болып келеді.

Сонымен Әлия өз бизнесін ашу барысындағы 3 құпиясымен бөлісті:

·        Бірінші және ең басты құпиясы: Сүйікті ісіңмен айналысу. Тек өзіңе ұнайтын іспенен шұғылдана отырып, нағыз табысқа жетуге болады.

·        Екінші құпиясы – Бизнес пен өз білім жетілдіруге қаражат құю.

·        Үшінші құпия - Нақты жоспардың болуы. Әрине, өмірде түрлі жағдайлар, қиыншылықтар немесе проблемалар болады. Сол себепті әрқашан жоспарға өзгерістер енгізіп, жүзеге асыруға тырысу керек.

«Vanil» кондитерлік үйінің тәтті тоқаштары туралы толығырақ білгіңіз келсе: +7 (7252) 20 05 34, +7 (702) 930 66 60