«Айсберг ПВ» ЖШС 2003 жылы құрылған. Қазір компания Павлодар, Екібастұз, Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен қалаларында сатылатын тұшпара, вареник, манты, құймақ, котлет сияқты өнімдер мен жартылай фабрикаттардың 80-нен астам түрін шығарады.
Компанияның сапалы өнімдері тек қазақстандық нарықты жаулап қана қоймай Ресейдің Новосібір, Омбы, Томск қалаларына да шығарылады. Болашақта Орал түшпараларының отаны Екатеринбургке шығуды да жоспарлап отыр.
«Айсберг» ЖШС - мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіретін Павлодар облысындағы жетекші компаниялардың бірі. 2015 жылдан бастап кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады.
Компания «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Jy'san Bank арқылы Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша 60 млн теңге мөлшеріндегі несиені жеңіл пайызбен алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрап, 9%-ын мемлекет субсидиялады.