Ақтөбе қаласында «Еңбек» бағдарламасы аясында кір сабын шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады

Жаңалықтар
02.10.2019

Ақтөбе қаласында «Еңбек» бағдарламасы аясында кір сабын шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады.

142fbdf6-41ee-4287-91d3-8102721ec666.jpg

«Елубаев Бибатпа» ЖК өкілі Нұрбол Құлжабаевтың айтуынша, сабын өндірісіне шикізат ретінде қаладағы қоғамдық тамақтану орындарынан жиналған өсімдік майлары пайдаланылады. Жалпы кір сабынға шикізат орнына жануар және өсімдік тектес сұйық майлар мен тоңмайлар, қышқылды, синтетикалық және тіпті техникалық майлар қолданылуы да мүмкін.

WhatsApp Image 2019-09-26 at 13.26.34.jpeg

Кір сабын өндірісі 2 кезеңді қамтиды. Алдымен сабын қайнатылады, сосын ол қоймалжың дайын өнім ретінде өңделеді. Кір сабын жасау кезінде тек табиғи өнімдер қсылатындықтан, оны эко сабын деп те атауға болады.

WhatsApp Image 2019-09-26 at 13.26.36.jpeg

Кәсіпкер салмағы 300 және 200 грамм болатын «Ақтөбелік кір сабын» сауда белгісі бар өнімдерін қала базарларына өткізеді. Өндірісте 3 адам жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2019-09-26 at 13.26.38(2).jpeg

«Біз сабынды енді ғана өндіре бастадық. Жобаны жүзеге асыру үшін бізге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму» Қорының кепілдігімен, «Еңбек» бағдарламасы аясында 11 млн теңгені алты пайызбен берді. Бұл қаражатқа біз шикізат пен құрал-жабдықтар сатып алдық. Қазір біз айына 10 тоннаға дейін сабын шығарамыз, бірақ сабынға сұраныс одан да көп», - дейді Нұрбол Құлжабаев.

Қаланың супермаркеттерінде бұл сабын жоқ, себебі онда айына 20 тоннаға дейін өткізу керек. Сондықтан сауда базар арқылы жүріп жатыр. Онда арзан болғандықтан (300 және 200 грамм сабын 80 және 60 теңге тұрады) тез алып кетеді.

Кәсіпкер болашақта осы несиені жауып, өндірісті кеңейтуді көздеп отыр.