Тараздық Желдікбаев Сейітжан Байбатырұлы еңбек жолын 1986 жылы қоғамдық көлік жүргізушісі болып бастаған. Көп жыл абыройлы қызмет етіп, тәжірибе жинап, жолаушылар тасымалының қыр-сырына әбден қанықты.
2004 жылы өзі жақсы білетін салада іс бастап, бизнес ашу жайлы ой келіп, жинаған 5 млн теңгесіне Қытайдың бұрын қолданыста болған 5 автобусын сатып алды.
Біраз уақыт өткен соң бұл бизнестің табысты екенін түсініп, автопаркті кеңейтпек болды. Кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалына келді. Филиал менеджері «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында несие алуды ұсынды. Әрі жобаға банктен несие алғанша қолдау көрсетті.
Соның арқасында «Джелдикбаев С.Б.» ЖК «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы 90 млн теңге несие алды.
Кәсіпкер несие қаражатына Тараз қаласының ішінде жолаушылар тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алды. Қазір қалалық үш бағыт бойынша қызмет көрсетеді.