menu
Жабу

Білім сапасын көтеру - мемлекеттен қолдау алған павлодарлық компанияның ұраны

Жаңалықтар
25.10.2019

Павлодарлық Ольга Лысенко 20 жылдан астам уақытын білім беру сапасын жақсарту бағдарламаларын құруға және жүзеге асыруға арнады. Ольга Васильевна жылдам оқуды тренер және әдіскер ретінде үйретеді. Новгород мемлекеттік университетінің педагогика, өнер және технологиялар факультетін бітіргеннен кейін О.Лысенко 25 жыл бойы ұстаздық етті.

20191023_141825.jpg 

«Мен сабақтың тиімділігін арттыру туралы көп ойладым. Нәтижесінде жедел оқыту әдісін жасадым. Бұл әдіс бойынша Қазақстан мен Ресейдің көптеген білім ошақтары балаларды мектепке қарағанда 7-10 есе жылдам оқытады. Бұл әдіс мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарға арналған», - дейді Ольга Васильевна.

Бұл әдіс бойынша оқитын Қазақстан, Украина, Беларусь, Канада, Англия, АҚШ, Мексика және Түркияны қосқанда 200-ден астам мектеп оқушыларының тамаша нәтиже көрсетуі – оның жетістігі екенінің айғағы.

20191023_133856.jpg 

Бұл жетістікке алғашқы қадам 2008 жылы балалар білімін дамыту орталығын құрған кезде жасалған. 2011 жылы орталық Мәтін оқу орталығы деп аталды.

20191023_133425.jpg 

«2019 жылы біз осы тамаша ғимаратқа ие болдық. Орталық «Жетістік академиясы» деп аталады. Егер «Даму» қоры бізді қолдамаса, біздің білім беру орталығымыз қазіргі қызмет түрлерін ұсына алмайтын еді. Бұл жерде спорт залы, акт залы, массаж бөлмесі де бар. Біздің орталықтың балалары билеп, ән айтып, емдік жаттығулар жасай алады. Яғни, егер бала қандай да бір ауытқушылыққа душар болса, біз оны дене шынықтыру мен эмоционалды түрде қолдай аламыз. Ғимарат сатып алу кезінде біз осы қажеттіліктерді ескере отырып таңдадық, - дейді Ольга Васильевна.

Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғимарат сатып алуға несие «Forte Bank» АҚ арқылы алынды. 14%-дық мөлшерлеменің жартысына жуығын мемлекет субсидиялайды. Жобаға «Даму» Қоры кепілдік берді. Ольга Васильевнаның айтуынша, банкке өтініш беру үшін стандартты құжаттар сұралған. Оны кәсіпкер екі апта ішінде жинап шықты.

Қарқынды дамып келе жатқан компания қазір кіріс пен табысты арттырғысы келетін директорлар мен кәсіпкерлерге арналған курстар ашты. Ол үшін 16 бейне сабақтан тұратын «Директорлар мектебі» вебинары сериясы іске қосылды.