menu
Жабу

Шаттық сыйлайтын салон

Жаңалықтар
28.10.2019

Адамның азан шақырып қойған аты тағдырына әсер етеді деген сөз бар. Атыраулық Шаттықгүл Құсайынованың бизнесі аруларға шат көңіл сыйлап, шаттық кештерге арналған киімдер ұсынумен байланысты.

Кәсіпкер кішкентай кезінде қалыңдықтың көйлегін, салтанатты кештердегі әйелдердің әсем киімдерін қызықтағанды ұнататын. Үнемі қиялында өз көйлегін салып өсті. Осы арман кейін есейгенде Құлсары қаласында қалыңдық көйлегін ұсынатын дүкен ашуға итермеледі.

IMG-20191024-WA0049.jpg

«Табысты кәсіпкер болу оңай емес. Мен көп еңбектендім. Бәрін басынан бастадым. Тек сүйікті ісіммен айналысқандықтан ғана барлық қорқыныш пен қиыншылық жеңдім», - дейді Шаттықгүл.

Мұнда жаңа киімді сатып алуға қолы қысқа немесе уақыты жоқ жандар қалыңдық көйлегін, салтанатты кештерге арналған көйлектерді, ерлердің костюмі, сәнді би костюмдерін жалға ала алады.

Бизнестің бұл түрімен тоқтап қалғысы келмеген Шаттықгүл Құсайынова қызмет көрсету аясын кеңейтіп, үйлену тойы, құдалық өткізуге кешенді қызмет көрсетпек болды.

Кәсіпкердің жабдық сатып алу бойынша жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жылына 7 пайызбен, 60 айға несие алды. Қор несие сомасының 49%-ына кепілдік берді.

Мекенжай: Атырау обласы, Құлсары қаласы. тел: 87789259335; инстаграмм: toi_agentigi_aizhuldyz; svadebni_salon_ aizhuldyz