menu
Жабу

Мереке деген – WIZLOVE

Жаңалықтар
31.10.2019

Адамға қуаныш сыйлағаннан артық рахат бар ма?! Тойды қазынаға балап, салтанатының сәнді өтуіне аса мән беретін елде мерекені безендірушілерге сұраныс жоғалмайды. Алматылық кәсіпкер Башмаков Филипп Олегович 2015 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Филиптің қолдауының арқасында зайыбының әуестігі қазір табысты бизнеске айналған.

Screenshot_2019-10-30-17-57-30-66.png  

«Бастапқыда керемет кірісіміз болмады. Таза «Fun» (көңіл көтеру) ретінде бастап алдық та, қызығып, әрі қарай жалғастырып кеттік. Есесіне осы күні жоғары дәрежеде қызмет көрсететін компанияға айналдық. Жанымыз қалаған іске бар жігерімізді салып кірісеміз, нәтижесі өзімізге ұнайтындай болғанша жан таппаймыз», - дейді Филипп Олегович.

 

Мәскеуде 2015 жылы іске қосылған «AIR BEAUTY Balloons» және «BeCreate» атты екі жоба Филипті іс бастауға қаттты шабыттантырды. Олар мерекелерді әуе шарларымен безендірумен айналысатын. Бірінші болып тассел гирляндалармен шарларды безендіру ісін қолға алған да солар еді.

 

«Жұбайым өз бетінше іс бастауға ұзақ ойланды. Ол кезде тұңғышымыз 9 айлық болатын. Алдымен қайырымдылық шараларына қатыса бастады, ірі көлемдегі әріптерді тігіп, қолөнерге бет бұрды. Алғашқы қайырымдылық көрмесін Лия есімді қызға арнадық. Жасаған барлық әріптерді сатып, түскен қаржыны қорға аудардық. Ол кезде мен үшін ең бастысы - жұбайымның шығармашылығы мен қызықты өмір сүруі еді. Кенет, ол шарлармен безендіру ісімен айналысқысы келді. Сосын «Almaty Pop Up Store» көрмесі туралы біліп, оған қатысуына қолдау көрсеттім», - дейді Филипп Олегович.

 

Бұл көрме кәсіпкер үшін жаңа бизнестің бастауы болды. Қазір «WIZLOVE» 17 адамнан тұратын, тұрақты дамып келе жатқан компания. Бір дүкен мен бөлшек кәсіпорындар арасында ТМД-дағы ең үлкен қойманың иесі. Болашақта әлемдегі ең ірі брендке айналуды көздейді.

 

2019 жылдың қыркүйегінде кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ арқылы қалалық «Жібек Жолы» бағдарламасы аясында жылына 7%-бен 60 айға қаржы алды. «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Менің мемлекетім маған қолдау көрсетіп отыр. Пайыздық мөлшерлемесінің аздығы сондай, тепті тегін деп атауға болатын несие береді. Қобалжуға негіз жоқ. Себебі мемлекет маған тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де зор көмек беріп отыр. Бұл мен үшін өте маңызды», - дейді кәсіпкер.

Компаниямен байланыс:

Алматы қ., Көктем 1, Бұқар жырау бульвары 24
тел: 7-777-050-77-70

Instagram: @wizlove.kz

Сайт: wizlove.kz