Соңғы жылдары Ақтөбеде жекеменшік медицина саласы қарқынды дамып келеді. Қалада «Даму» Қорының қолдауымен жыл сайын ондаған мекеме ашылады. Бүгінгі кейіпкеріміз Ақтөбедегі тұңғыш дерматология клиникасының басшысы, жас кәсіпкер Кэтино Роландқызы.
Кэтиноның анасы өмірін медицина саласына арнаған жан. Кішкентай кезінде көп уақытын анасының жұмыс орнында өткізетін қыз дәрігер болуды армандайтын. Тіпті туған қаласында жекеменшік клиника ашуды көксейтін. Ал еңбекқор адамның арманы орындалатыны белгілі.
2019 жылы тамыз айында Ақтөбе қаласындағы жаңа құрылған «Батыс-2» шағынауданында Катиноның клиникасы ашылды. Бұл жоба «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жас кәсіпкер «ATФ» банк АҚ арқылы 6%-бен 16 млн теңге алды. Қаржыны медициналық техника сатып алуға жұмсалды.
Қазір клиникада Подолог, Косметолог, Трихолог, Педиатор, Дерматовенеролог, Акушер-гинеолог, Логопед, Уролог, Процедура кабинеті жұмыс істеп тұр.
Instagram: https://instagram.com/ovi_derm_aktobe
Телефон: 8(7132)908808, 87024077348
Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ш/а, Тәуелсіздік даңғылы 18.