menu
Жабу

Теріскейдің темір телпегі

Жаңалықтар
13.11.2019

«KAZ ARMS» ЖШС - Қазақстанда арамидті материалдардан оқ өтпейтін дулыға шығаратын тұңғыш отандық кәсіпорын. 

2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында құрылған компания бір жылдан соң алғашқы 2 000 бронешлемін шығарды. Сол жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтой шеруі қарсаңында бір ай ішінде өнім дайындап үлгерді.

Фото 11 Казармс.jpg 

2016 жылдан бастап өндіруші компанияны жаңғыртуға кірісіп, әрі шығаратын өнім көлемін арттырмақ мақсатта Ерейментау қаласынан ғимарат сатып алды. Соның арқасында тек бронешлем ғана емес, бронежилет, қалқан, сауыт, панель сауыты, соққыға қарсы қалқандар, дулығалар мен костюмдер шығару ісін де қолға алды. Бір сөзбен айтқанда, бар мүмкіндігін пайдаланды.

Негізінен СКАТ-С1, М1 – радиогарнитураға арналған ойықтары бар (ТУ 7399-036-17668825-08) шлем шығарады. Бұған көбінесе Қазақстан мен шет елдің күш құрылымдары, коллекция жинайтын және атыс спортымен айналысатын азаматтар тапсырыс береді.

Компанияның басты мақсаты – Қазақстанда арнайы композиттік материалдардан түрлі бұйымдар жасау және бронды қорғаныш заттарын шығарып, сынақтан өткізіп, зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялы, автоматтандырылған кешен құру.

 

Кейінірек компанияға айналым капиталын толықтыру қажет болған кезде «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында, «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 6%-дық несие алды. «Даму» Қоры несие сомасының 33%ына кепілдік берді.



«KAZ ARMS» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары», «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техника мүлкінің V Халықаралық көрмесі, «АРМИЯ-2018» халықаралық әскери-техникалық форумы, «Даму» Қоры ұйымдастыратын «Ulttyq ónim» көрмесінің тұрақты қатысушысы.

 

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ, Абылай хан 9 ү, НП7;

Фэйсбук: KAZ ARMS

Тел: 8 7172 54 81 94