info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«БЖК 2020» бағдарламасы аясында жаңа батут орталығы ашылды

Жаңалықтар
28.11.2019

Коханов Павел Константинович ашқан «Jump Arena» батут орталығы тек балалар ғана емес, ересектердің көңілінен шығатын орын. 270 шаршы метр жерді алып жатқан бұл орталық Павлодарлықтарға әйгілі болып үлгерді. Оған демалыс күндері болатын ұзын-сонар кезек дәлел.

IMG-20191125-WA0012.jpg

2015 жылы компания басшысы Коханов Павел әлеуметтік желідегі бизнес қауымдастық тобынан осындай орталық ашу туралы идеяны оқыған. Біраз елді аралаған кәсіпкерге бұл ой ұнады. Себебі ондағы үлкен-кіші батут орталықтары қалай жұмыс істейтінін және сұраныстың қандай екенін өз көзімен көрді.

Оның айтуынша, бұл бизнестің ерекшелігі - бұл жерде отбасының барлық мүшелері көңіл көтере алады.

IMG-20191125-WA0018.jpg

Алғашқы орталығын ашу үшін Павел көлігін сатып, үлкен 4 батут сатып алып, «Динамо» спорт кешеніндегі жалға алынған 100 шаршы метр дерде бизнес ашты. Төрт құбыласы сай батут орталығы болмаса да бұл жер жақсы пайда түсірді. Сол кезде Павел келесі нысанды сапалы жабдығы бар үлкен етіп ашуға бел буды.

Замануи батут орталығы биыл наурыз айында ашылды. Жарты жылдан кейін Павел тағы біреуін ашпақ болды. Осы мақсатта қазан айында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 14,25%-дық несие алды. Оның 40%-ын мемлекет субсидиялайды. «Даму» Қоры кепілдік ұсынды.

Болашақта Павел қаладан үлкен 3 батут орталығын ашып, оны тек секіру орны ғана емес кең ауқымды қызмет көрсету алаңына айналдыруды көздеп отыр.