Соңғы кезде көзі нашар көретін жандар саны артып келеді. Бұның көп себебінің бірі – үлкенді-кішілі экранға шамадан тыс үңілу екені даусыз. Жоғары технология мен цифрландыру ғасырының артықшылығы денсаулық сақтауда өзекті мәселе тауып беріп отыр.
Мұндай проблемасы бар жандарға арнайы көзілдірік, линзалар ауадай қажет және оның ыңғайлы әрі сапалы болуы маңызды.
Әсел Сұлтанбекова Мәскеу университетің медициналық оптика мамандығы бойынша тәмамдап, Орал қаласына оралған соң коррекциялық, күннен қорғайтын көзілдіріктер мен линзалар сатуға арналған оптика ашуға шешім қабылдады.
Жобасын қолдау үшін Әсел «Даму» қорына жүгінді. Себебі арнайы құрылғы мен тауар сатып алу үшін қаражат керек еді.
Жас кәсіпкердің жобасын «Еңбек» бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ 6%-бен қаржыландырды. «Даму» Қоры кепілдіктің жеткіліксіз сомасына кепіл болды.
Желтоқсан айында Әсел өзінің оптикалық салонын ресми түрде ашып, арманын жүзеге асырды.
Тел. 8 707 450 8645
Мекенжайы: Орал қаласы. Солтүстік-Шығыс ш/а. 46-үй,
instagram@uralsk_optice_eye_look