Нәзік жандар үшін сұлулық салонына бару - көңіл-күйді көтеріп, өз бағасын арттыруға мүмкіндік беретін нағыз мереке. Салондар қазір элитаның ғана қолы жететін қызмет саналмайды. Қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсірмей әсемдік сыйлайтын орындар көп.
Оралдық жас кәсіпкер Мария Карташова бұл салада бес жылдан астам жұмыс істеген. Ресейде оқып келген соң үйде тырнақ әрлеумен айналысты. Бірнеше жыл бойы әр түрлі сұлулық салондарында қатардағы маман болып жұмыс істеді. Мол тәжірибе жинап, өз саласын жақсылап зерттеген соң, жекеменшік сұлулық салонын ашуға шешім қабылдады.
Бизнес бастауға қаражат керек болған кезде Мария «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 6%-дық несие алды. Банк талап еткен кепілзат жетпегендіктен, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.
Біз кезде салонда қызмет көрсеткен Мария қазір өз салонының қожайыны, жұмыс беруші. Кәсіпкерге ісінің дамып, кеңеюін тілейміз.
Мекенжайы: БҚО. Орал қаласы, Әбілқайыр хан 14, 17-пәтер
Телефон: +7 701 850 3930
Инстаграмм: supernails_uralsk