menu
Жабу

Баянды ауылында жиһаз цехы кеңейді

Жаңалықтар
08.01.2020

IMG_8309-24-12-19-01-40.JPG

Мемлекеттік қолдаудың арқасында тек ірі қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де бизнес нысандары көбейіп, дамып келеді. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылында 2015 жылдан бері жиһаз шығарып келе жатқан Үсенов Балтөре Алауұлының ісі көпке үлгі боларлық.

IMG_8310-24-12-19-01-40.JPG

2016 жылы өндіріске құрал-жабдық қажет болды. Бизнесті кеңейтіп, қызмет түрлерін арттыру үшін Балтөре фрезерлеп-бедерлеу техникасын сатып алмақ болды. Бұл – функциясы көп және жаңа өнімдер шығаруға, қайта жөндеуге және қажет болған жағдайда басқа да шаруаларға пайдалана беруге болатын сенімді жабдық.

IMG_8306-24-12-19-01-40.JPG

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің қолын ұзартып отырған «Нұр Капитал» бағдарламасы Балтөреге де қиналған кезде қармау болды.

Кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 5 жылға, 8,5%-бен несие алды. Оның 7,5%-ы бағдарлама аясында жергілікті бюджеттен субсидияланады. Осылайша кәсіпкер жылына 1%-бен ғана несие төлейді. Кепілзаты жетпегендіктен, «Даму» қоры кепіл болды.
Қазір Балтөре Маңғыстаулықтарды сапалы әрі әсем жиһаздармен қамтып, жұмыс берушіге айналған.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, с. Баянды, №1 өндірістік база, № 40/6-учаске.