menu
Жабу

«Creativo» жиһаз студиясы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдау алды

Жаңалықтар
08.01.2020

«Creativo» жиһаз студиясы 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл - Самал Жанбекованың жұбайы Амангелді Елтабарбекұлымен бірге бастаған отбасылық бизнесі. Компания жұмсақ жиһаздардың барлық түрін жасайды.

69331513_990460864619194_4466934524051645710_n.jpg 

«Мысалы бір клиент келді. Фотосын көрсетті де бес метр болатын диван керек деді. Біз оны дайындауымыз керек. Дайындаймыз да», - дейді Самал.

72098013_169031227631869_5022580261430706054_n.jpg 

Осы кезге дейін цех жалға алынған ғимаратта жұмыс істеді. Самалдың «жекеменшік өндірістік базам болса» деген арманы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында орындалды. Биыл жазда Самал мемлекеттік бағдарлама аясында «Сбербанк» АҚ арқылы жеңіл несие алмақ болды. Ұзақ қарастырылса да, ең бастысы, өтінім мақұлданды. Бағдарлама бойынша 7 жылға берілген 15%-дық несие мөлшерлеменің 9%-ын мемлекет субсидиялайды.

ИП Жанбекова 10.JPG 

Биыл жыл басында Самал Жанбекова компания жанынан жұмыссыздарға арнап жиһаз жинаушы, қаңқасын құрастырушы, жұмсақ жиһазды өлшеп, қабын тігуші мамандықтарын оқытатын орталық ашты. Содан бері 34 адам оқып, біразы бірден жұмысқа тұрды. Қалғандарымен студия байланысын үзбейді. Жұмыс іздеп немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Тіпті бәсекелес фирмалар да бұл орталыққа жаңа қызметкерлерін оқытуға жібереді.

 «Оқу тегін, оқу мерзімі үш ай, білім алушы қалалық бюджеттен 21 мың теңге стипендия алады. Бітірген соң қаласа жұмыспен қамту орталығына жібереді. Сабақты он екі жылдық жұмыс өтілі бар шеберлер өткізеді», - дейді Самал Жанбекова.

Ерлі-зайыптыларда жүзеге асырсам деген бұдан да басқа идея көп.