Бәліш – жайлы үйдің нышаны әспетті. Бүгінде бәлішті әлемнің барлық асханасынан кездестіруге болады. Әр аспаздың өз рецепті бар. Үйде пісірілген бәліш әрқашан балалық шақты, ананың аялы алақанын, туған үйдің жылуын еске түсіреді.
Алматылық Кариш Айгүл Нұрланқызы мен күйеуі Ұлан банкте жұмыс істеп жүрген кезде танысқан. Бала күтімі бойынша демалысқа шыққан кезде Айгүл бәліш пісіруге машықтанып алды. Алдымен дастарханға қою үшін, кейін достары, таныстарына тапсырыспен пісіріп жүрді. Біраз уақыттан соң сұраныс арта бастады. Айгүл өзі үлгермейтінін түсінген кезде үй-жай жалдап, қасына көмекші алып, осы іспен түбегейлі айналыса бастады. Күйеуі үнемі қолдау білдіріп отырады. Кейін «Алматы Дәмі» атты жеке кәсіпкерлік нысанын ашты. Ал шағын наубайханасын «Южный» деп атады.
Қазір штатта 10 адам еңбек етеді. Кәсіпқой аспаздар ішіне әртүрлі салмасы бар дәмді бәліштер, көлемі шағын тіскебастарлар, орамалар, мереке иелерінің арнайы тапсырысымен торттар жасайды.
2019 жылдың соңында кәсіпкер «Альфа банк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңіл несие алып, «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды. Қаражатты пеш, тоңазытқыш секілді жабдықтар сатып алуға жұмсады. Сондай-ақ ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Қазір Алматыдағы бәлішқұмарлар Айгүлдің өнімдерін жақсы біледі. Себебі аспаздар тек жаңа піскен және дәмді тағам ұсынады. «Біз бәліш пісіруге қатты қызығып кірістік. Қолдан пісірілген әр тағамымыз махаббатпен, мұқият ұсынылатын туынды іспеттес. Біз жаңа дайындалған өнімді әр тапсырыс берушіге уақытында жеткізуге уәде береміз», - дейді кәсіпкер.
Сайт: https://pirog-yuzhnyi.kz/
Инстаграм : @pirog_yuzhnyi
Мекен-жайы: Тлендиев көш., 266А
Тапсырыс беру номері: 7 701 868 4169