Егер сіз Ақтөбе облысының тұрғыны болсаңыз және балаларыңызға қосымша білім ошағын іздеп жүрсеңіз таңдау жасау қиын соғуы мүмкін. Қазір бұл қалада ондаған дамыту орталығы жұмыс істеп тұр. Сұраныстың көптігінен күннен күнге көбейіп келеді.
Биыл жаңа жылдан бастап Ақтөбеде «Qadam» атты тағы бір білім орталығы ашылды. Жоба авторы – ісін жаңа бастаған кәсіпкер Ахан Төлеуов. Аханның табыс тарихы көп кәсіпкерлердікі сияқты азға қанағат қылудан басталған.
Алдымен ол ғимаратты жалға алып жұмыс істей бастады. Сапалы қызметінің арқасында Ақтөбелік ата-аналар тарапынан сұраныс артты. Бұл жерде кәсіпкер тәжірибе мен клиент жинады. Бірақ уақыттан соң жекеменшікке коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу туралы шешім қабылданды.
Жобаға «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен жеңіл несиені «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлді.
2020 жылы жөндеу жұмыстары мен сыныптарды жабдықтау аяқталған соң, орталық ресми түрде ашылды.