Екі баланың анасы Галаева Марина Александровна 2016 жылы қыркүйек айында бала күтіміне байланысты демалыста болған кезде басына бір керемет идея келіп, сәбилерге арнап киім-кешек, балаға қажет бұйымдар, жаңа туған нәрестелерге арналған заттар тігу үшін арнайы машинка мен әдіптеу құралын сатып алды. Жасаған дүниелерін насихаттап, сату үшін әлеуметтік желіден парақша ашты. Тапсырысты онлайн қабылдап, алдын-ала төлем ақысына мата сатып алып, келіскен уақытта бұйымды тігіп беріп жүрді. Түскен ақшаға жалпақ тігіс түсіретін машина мен шикізат алынды.
2018 жылдың наурыз айында «Галаева» ЖК 12 шаршы метр бөлмені жалға алып, «Little Boss» жеке брендін құрды. Шілдеден бастап 25 шаршы метр жерге көшіп, өнім түрін көбейтті. Тұрақты түрде трикотаж киімдер, сырт киім және балаға қажет тағы басқа да бұйымдар тігумен айналыса бастады.
2019 жылы қыркүйек айында Марина өндірісті кеңейту, дүкен ашу және жергілікті өндіруші ретінде отандық нарыққа шығу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 60 ай мерзімге, 6%-бен 3 000 000 теңге несие алды. «Даму» Қоры 2 550 000 теңгеге, яғни қарыз сомасының 85%-ына кепілдік берді. Кәсіпкер алған қаражатты өндіріске қажет құралдар мен сауда жабдықтарын сатып алды. м>
2019 жылдың желтоқсанында Марина өзі шығаратын өнімдер дүкенін ашты. Қазір Маринаның кәсіпорынында төрт тігінші жұмыс істейді. Кимідер Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қостанай қаласындағы дүкендерде сатылады. Тапсырысты @little_boss_m инстаграм парақшасы арқылы онлайн режимде қабылданады. Сондай-ақ дүкен мен киім өндірісімен қатар, Марина тігін академиясын да ашқан. Мұнда пішіп, тігуді үйрететін курстар жұмыс істеп тұр.
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуэзов көшесі 111.
Телефон: 8 771 836 1906.
Instagram: @little_boss_m