menu
Жабу

Шетпе ауылында жол бойында қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаңалықтар
11.02.2020

DSCN0045.JPG

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес саны артып келеді. Соны бірі – Шетпе кентіндегі жолаушыларға сервис қызметі. Кәсіпкер Сармурзин Әділет Асанұлы мұнда қонақүй мен монша кешенін ашты

DSCN0020.JPG 

Әділет Асанұлы 2008 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Қазір бұл жерде дәмхана, дүкен, доңғалақ жөндау, май ауыстыру пункті жұмыс істейді. Жаңа ашылған қонақ үйде екі адамдық 8 бөлме бар. Моншаға 30 адам бір мезетте шомыла алады. Ішінде бассейн, массаж бөлмелері жабдықталған. Ақтау - Атырау тас жолы бойындағы орналасқан жері де ыңғайлы. 

    DSCN0031.JPG

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ForteBank» АҚ арқылы 5 жылға, 8,5%-бен несие алды. Өңірлік «Нұр Капитал» бағдарламасы аясында оның 7,5% -ы жергілікті бюджеттен субсидияланады. Кәсіпкер тек 1%-бен төлейді. Сондай-ақ, «Даму» қоры несие сомасының 20%-ына кепілдік ұсынды. Бұл – несиені 100% кепілмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы жоба аясында тағы 6 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Мекенжайы: Маңғыстау обл, Шетпе ауылы.

Телефон +7 702 333 3189.