menu
Жабу

Кеңес ал!

Әуестікті табысқа айналдырған кәсіпкер

22.07.2025

Даурен Мирзарахимұлы Гайиповтың кәсіп жолы — сүйікті ісін тұрақты әрі әлеуметтік маңызы бар кәсіпке айналдырған табысты кәсіпкердің жарқын мысалы. Жастайынан металл конструкцияларын жасауға қызығушылық танытқан ол бұл әуестігін уақыт өте бизнеске айналдырды.

2010 жылдың 5 қаңтарында Даурен бауыры Нұржанмен бірге «Манас KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. Компания есі, терезе, тор, декорация элементтері, қоршау, қақпа мен үйге және бақшаға арналған эксклюзив жиһаз түрлерін шығара бастады. 2014 жылы Даурен серіктестің үлесін сатып алып, компанияның жалғыз құрылтайшысы әрі директоры атанды. Өндіріс базасы Жезқазған қаласында орналасқан. Алайда компания өнімдері тек Ұлытау облысында ғана емес, сондай-ақ Астана, Шымкент және еліміздің басқа өңірлеріне де жеткізіледі.

Компанияның басты ерекшелігі — өнім желісінің кеңдігі мен әлеуметтік маңызы. Бұл саладағы көп кәсіпкерлерден ерекшелігі — Даурен тек металл есіктер мен терезелер, қоршаулар мен қақпалар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлікке арналған аялдамалар, балалар және қоғамдық алаңдарға арналған қоқыс жәшіктері мен контейнерлер, сондай-ақ балалар үйлеріне арналған ойын алаңдарын да жасап, орнатады.

Көптеген кәсіпкерлер секілді, Дауреннің де бизнесін дамыту жолында өндіріске қаражат жетіспеушілігі сияқты түрлі қиындықтар болды. Осыған байланысты ол 2023 жылы «Даму» қорына және «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына жүгініп, мемлекеттен қолдау алды. Ол «Ұлттық жоба» бағларламасы аясында несиесін 7%-ға дейін субсидиялап, «Даму» қорынан несие сомасының 74%-ы көлемінде кепілдік алды. Осы қолдаудың арқасында өндіріс сәтті жалғасып, даму үстінде.

Бүгінде Дауреннің кәсіпорны сенімді түрде дамып келеді. Жезқазғанда кәсіптің өз өнімдерімен қатар басқа да құрылыс материалдарын сататын сауда нүктелері ашылған. Бұл енді жай ғана өндіріс емес, аймақтың дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашып отырған толыққанды жүйеге айналды.

Кәсіпкер өз ісін бастағысы келетін жандарға: «ісіңізге шын ниетпен кірісіңіз — сонда бәрі де жүзеге асады!» мынадай кеңес береді

Қорыта айтқанда, кәсіпкердің жолы — табысты кәсіпкерліктің үлгісі ғана емес, жанға қуаныш сыйлайтын істің қоғамға пайда әкеліп, адамға тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретінінің нақты дәлелі.

Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Ұлытау көшесі, 1А

Instagram: @kovanieizdeliya.zhez

Телефон: +7 707 798 0770