menu
Жабу

Кеңес ал!

FruitLine – отбасылық кәсіп қалай белгілі брендке айналды

28.07.2025

2010 жылы Петропавлда жеміс-жидек сататын шағын дүңгіршек пайда болды. Үлкен инвестиясыз, қызметкерлерсіз. Бірақ халыққа сапалы әрі дәмді өнім ұсынуға деген зор ықылас болды. Бар шаруаны Князь бен оның анасы, әкесі және інісі Ариф бөліп алды.

Біртіндеп басқа да сауда нүктелері де ашыла бастады. Әлі де шағын болғанымен, негізгі қағидалар өзгермеді: өнім сапасы, ассортимент әртүрлілігі және сервис. Халық қалада еш жерде жоқ экзотикалық жеміс, табиғи шырын, жаңғақтар мен жидектер үшін келетін.

2023 жылдың соңында алғашқы FruitLine супермаркеті ашылды. Бұл жаңа деңгейге шығу еді: қызметкерлер пайда болды, ауқымды даму басталды. Бір жылдан кейін команда 15 адамға дейін өсті. Бұл жолда қиындықтар көп болды: тәулік бойғы жұмыс, ресурстардың жетіспеушілігі, қызметкерлерді басқарудағы қиындықтар. Бірақ мұның бәрі команданы шыңдап, алға жылжуға жігер берді.

Қазір FruitLine — «Салауатты тамақтану» бағытындағы екі супермаркет, бірнеше сауда нүктесі, әлеуметтік желілер арқылы жеткізу қызметі бар, 50 000-нан астам тұрақты тұтынушысы бар және қала халқы арасында сенімге ие мықты бренд.

Екінші супермаркеттің ашылуы АО «ForteBank» арқылы берілген бизнес несиенің және «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Несие бойынша жалпы мөлшерлеме 20,25% болса, кәсіпкер соның тек 9,5%-ын төлейді, қалғанын «Даму» қоры өтейді. Бұл бизнеске өз ғимаратын сатып алуға мүмкіндік берді.

Петропавл қ, ​Партизанская к-сі, 127

Петропавл қ, Ш. Уалиханов к-сі, 40

Петропавл қ, Абая к-сі, 60б

+7 (775) 517–25–55

Инстаграм: Fruitline.sko