menu
Жабу

Кеңес ал!

Бренд жайлы армандама. Өзің брендке айнал: Neyches Boots табыс тарихы

30.07.2025

Neyches Boots — жай ғана аяқ киім емес, бұл — жергілікті нарықтағы премиум қолөнер ұғымын қайта ойлап тапқан қазақстандық бренд.

Табыс тарихы 2019 жылы басталды. Қазақстан нарығы шетелдік брендтерге толы болатын. Ал классикалық әрі минимализм стиліндегі сапалы ерлер аяқ киімін қолдан тіккізіп кию деген ұғым әлі кең тарамаған. Сол кезде Никита Дороштың ойына Еуропаның үздік өндірушілерімен бәсекелесе алатын қазақстандық бренд жасау деген идея келді.

Жоба бастамасына бар болғаны 650 000 теңге жұмсады. Шағын шеберхана, табиғи былғары, Италияда жасалған табан. Қолдан тігілген алғашқы аяқ киім жұбы осылай жасалды. Бұл жай ғана аяқ киім емес, үлкен істің басы болатын. Қазақстанда шетелдік брендтерден кем түспейтін, тіпті одан да жақсы премиум аяқ киім жасауға бола ма?

Арада бірнеше жыл өткен соң, «Neyches Boots» 20 адамнан тұратын командасы, жеке цехы және толық өнім желісі бар (ботинкалар, туфлилер, лоферлер, кедтер) толыққанды өндіріске айналды. 2023 жылы компания маңызды қадам жасады — мердігерлерден бас тартып, өз өндірісін ашты. Бұл сапаны толық бақылауға және даму серпінін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл — бетбұрыс сәті болды.

Бүгінде «Neyches Boots»: Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жүздеген клиент, тапсырыстың 8%-ға жуығы шетелден, Қарағандыдағы шоурум, Алматыдағы серіктестік нүктелер және Ресей нарығына шығуға бағытталған үлкен жоспарлар.

Көптеген кәсіпкерлер сияқты, бұл жол да оңай болған жоқ. Қателіктер, кідірістер, күмәндер. Никитаның өзі мойындайды: несие алудан қорқу дамуға кедергі болған. Бірақ қаржыны дұрыс басқару бәрін өзгертті. «Даму» қорының қолдауы несие мөлшерлемесін төмендетіп, субсидиялауға, ғимарат жалдауға, жабдық сатып алуға және қызметкерлер жалдауға мүмкіндік берді. Сол сәттен бастап компания масштабтала бастады.

«Neyches Boots» философиясы — бұл қолөнерге деген құрмет. Әр жұп аяқ киім қолдан жасалады. Әр тігіс — шебердің жанынан шыққан бөлшек. Минимализм, сенімділік және стиль — брендтің үш басты тірегі.

Neyches Boots — бұл жай ғана аяқ киім емес.

Бұл — теріге оралған, қолдан тігілген, нарықты өзгертетін мықты брендке айналған арманның тарихы.

Никитаның өзі айтқандай: «Егер өз арманыңды құрмасаң — біреу сені өзінікін салуға жалдайды».

Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 55А, «Абсолют 1» СҮ, 6-қабат

+7 778 641 54 77

Инстаграм: @neyches.boots

Сайт: https://neyches.com/