menu
Жабу

Кеңес ал!

«Нейро-Дент» — сенім мен табандылықтан туған клиника

29.07.2025

Стоматологиялық клиниканың тарихы 1997 жылы басталды. Сол жылы көпжылдық тәжірибесі бар дәрігер-стоматолог — Бабықбаева Алтын Өтеулиевна, 1983 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, Жаңаөзен қаласындағы мемлекеттік стоматологиялық емхананы жекешелендіру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта ол 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, жеке медициналық тәжірибесін бастаудың алғашқы қадамын жасады. Елдегі экономикалық тұрақсыздық пен тәуекелдерге қарамастан, Алтын Өтеулиевна халыққа сапалы стоматологиялық қызметтің қажеттілігіне шын жүректен сенді. Алғашқы жылдары клиника мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмысын жалғастырып, соның ішінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсетті. Алайда 2000-жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру мен төлемдердің тұрақтылығына байланысты қиындықтар туындады. Соған қарамастан, клиника жұмысын тоқтатпай, даму жолдарын үнемі іздестірумен болды. Бірнеше рет несие рәсімделіп, клиниканың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. 2007 жылы Алтын Өтеулиевна өзінің жеке меншігіндегі ғимаратта стоматологиялық кабинет ашып, жұмысын жаңа форматта жалғастырды. Сол жылы клиника Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау департаментінен медициналық қызмет көрсетуге арналған лицензия алды (берілген күні – 15.01.2007 ж.) 2023 жылы клиниканың дамуындағы тағы бір маңызды қадам жасалды — Ақтау қаласында «Нейро-Дент» клиникасы ашылды. Бұл оқиға клиника үшін маңызды кезең ғана емес, сонымен қатар негізін қалаушының аймақтағы стоматологиялық қызметтің сапасын арттыру жолындағы табанды ұмтылысының айғағы болды. Бүгінгі күні клиникада 25 білікті маманнан құралған ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Олар ақылы негізде кең ауқымды стоматологиялық қызметтер көрсетеді:

  • Балалар мен ересектер стоматологиясы

  • Наркоз, Севоран

  • 3D рентген, панорамалық түсірілім

  • Неврология

  • Процедуралық кабинет

Соңғы жылдардағы жүйелік және экономикалық қиындықтарға қарамастан, «Нейро-Дент» тұрақты жұмысын сақтап, дамуын жалғастыруда, пациенттердің сенімін нығайтып, өңірдегі стоматологиялық қызмет көрсетудің деңгейін арттыруда.

2023 жылы клиникаға заманауи жабдық сатып алу мақсатында кәсіпкер «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие рәсімдеді. Несие жылдық 21,75% мөлшерлемемен берілді, оның ішінде кәсіпкер үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме 8% құрады, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19-ш/а, 44-үй, 1-кіреберіс
Телефон: +7 775 917 27 77

Инстаграм: neuro_dent.clinic