Кеңес ал!
2018 жылы Қазақстанда стоматология әлемінде DnDent Stomatology атты жаңа жұлдыз пайда болды. Клиниканың негізін қалаушы әрі директоры Нұрлан Өмірғалиұлы өз ісін 3 кресло, 3 қызметкер және 5 миллион теңгемен бастады. Алғашқы аяқ алысы қарапайым болса да, алдында: стоматологияны тек сапалы ғана емес, нағыз инновациялық ету деген үлкен мақсат тұрды.
Кәсіп бастаудағы басты себеп — арманын жүзеге асыруға деген шынайы ұмтылыс болатын. Дәл осы ниет оған кәсіпкерлікке қадам басуға итермеледі. Бүгінде клиника екі есе өсіп, қызметкерлер саны 10 адамға жетті. Күн сайын 10 пациентке дейін қабылдайды. Бір сағат та бос емес. DnDent ерекшелігі — цифрлық тәсіл.
DnDent емдеуде заманауи цифрлық әдістерді қолдануымен ерекшеленеді, бұл процесті дәл, жылдам әрі науқас үшін ыңғайлы етеді. Клиниканы дәстүрлі стоматологиядан ерекшелендіретін негізгі технологиялар:
1. Жоғары дәлдік және болжау мүмкіндігі
3Shape, CEREC сияқты сканерлер дәстүрлі қалыптарды алмастырып, микрон дәлдігімен жұмыс істейді.
3D модельдеу арқылы ем нәтижесін бастамай тұрып көруге болады.
2. Жылдам әрі жайлы
CAD/CAM жүйелері арқылы тістерге арналған протездер, винирлер мен көпірлерді бір рет келіп қана орнатуға болады.
3. Жеке ем
Жасанды интеллект түс пен пішінді дәл таңдайды.
Диагностикада адам факторын азайтады.
4. Миниинвазив әдістер
Лазерлік стоматология және 3D навигация сау тіндерді сақтап, ауырсынуды азайтады.
Хирургиялық шаблондар имплант қауіпін төмендетеді.
5. Эстетика мен функционалдық
Digital Smile Design (DSD) арқылы науқасқа жарасатын тіс таңдалады.
Биомиметика реставрациялары табиғи тіс пішіні мен түсін қайталайды.
6. Қашықтан кеңес беру
Телемедицина арқылы 3D-модельді дәрігерге жіберіп, онлайн кеңес алуға болады.
Бұл тәсіл DnDent-ті жай ғана клиника емес, заманауи медицинаның жарқын үлгісіне айналдырады.
Кез келген кәсіптің алғашқы кезеңі оңай емес. DnDent үшін басты қиындық — клиент тарту болды. Бірақ Нұрлан Өмірғалиұлы табандылық танытып, технологияларды енгізіп қана қоймай, қаладағы үздік клиникалардың біріне айналу мақсатын нақты қойды. Бүгінде бұл жүзеге асты.
Бизнеске серпін беруде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауы үлкен рөл атқарды. Компания басшылығы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие алды. «Даму» қорының пайыздық мөлшерлемені субсидиялауы арқылы несие жылына 6%-ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, жетіспейтін кепілдік сомасына «Даму» қоры өз кепілдігін ұсынып, қажетті қаржыны толық көлемде алуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде:
Клиника заманауи жабдық сатып алды
Қызметкерлер саны 10 адамға дейін ұлғайды
Цифрлық технологиялар енгізілді
Қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы күрт жақсарды
Қызметтер мен даму жоспарлары
DnDent клиникасы диагностика, емдеу, қалпына келтіру және протездеуді қоса алғанда, стоматологиялық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Барлық қызметтер цифрлық тәсілдермен жүзеге асады.
Қызметтерді тікелей клиникадан алуға болады. Алдағы 1–2 жылда DnDent Қазақстанның басқа өңірлерінде тағы 3 филиал ашуды жоспарлап отыр.
Тәжірибе, кеңес және құндылықтар. Алғашқы қателіктердің бірі — маркетинг пен клиент тартуға жеткілікті көңіл бөлмеу болды. Бұл бизнестің баяу дамуына әсер етті. Алайда бұл сабақ болды. Қазір DnDent жарнама мен сервисті жақсартып, үздіксіз дамуға бағыт алды.
Негізін қалаушының кеңесі: «Қорықпаңыз. Аздан бастаңыз және міндетті түрде дамыңыз. Клиника ұстанатын ұран — «Әлемді күлкі мен жарыққа толтыру». Бұл олардың күнделікті миссиясына айналған.
Байланыс телефоны: +7 701 104 00 05
Мекенжайы: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Түрксіб көшесі 30, н.п. 1
Instagram: stomatology.dn.dent