Кеңес ал!
2019 жылы Қазақстанда үш адамнан тұратын шағын команда қазіргі жастар ұмыта бастаған ұлттық ет деликатестері дәмін қайтарауды мақсат еткен амбициялық идеямен іске кірісті. Бастапқы кезеңге шамамен 8 миллион теңге жұмсалды. Алғашқы өнімдер — қазы, шұжық және жергілікті фермерлердің табиғи етінен қолмен жасалған өзге де дәстүрлі тағамдар.
Бес жылда компания 12 есе өсті: бүгінде QAZ DELIKATES-та 36 қызметкер еңбек етеді, ал ассортиментте 36 түрлі жартылай фабрикат және 26 түрлі ет деликатесі бар. Барлығы — жаңа шикізаттан, артық қоспасыз, дәстүрлі рецептермен жасалады.
Дамудың маңызды кезеңі — Halyk Bank арқылы «Даму» қорының кепілдігімен қаржыландыру (Гарантиялық қор бағдарламасы). Бұл қаражатқа кәсіпорын заманауи жабдық сатып алып, айналым қаражатын ұлғайтты және персоналды оқытты.
Бүгінде QAZ DELIKATES өнімдері ел бойынша сауда желілерінде ұсынылады, сондай-ақ кафе, мейрамханалар мен қонақүйлерге жеткізіледі. Компания Мәскеу, Омбы және Новосібірге экспортқа белсенді дайындалып жатыр, онда отандастарымыз көп тұрады және туған дәмді сағынады.
Қиындықтар да болды: бірде жеткізушілердегі электр қуатының ажырауына байланысты компания үлкен партия өнімнен айырылды. Бірақ директор Климентий Мун айтқандай, «ең бастысы — тоқтамау және алға жылжу».
QAZ DELIKATES қазақстандық өнімнің дәмді, табиғи әрі сұранысқа ие бола алатынын елімізде ғана емес, шекарадан тыс жерлерде де дәлелдеді.
Қарағанды қ., Штурманская көшесі
Телефон: +7 (777) 033-55-33
Instagram: @qazdelikates