Кеңес ал!
«Жылулықпен үйретеміз, қуанышпен шабыттандырамыз, бірге өсеміз!» — осындай ұранмен және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікпен Ульбрих Валерия Евгеньевна жұмыс істейді. Ол үшін білім беру – жай ғана табыс көзі емес, жүрекпен атқаратын сүйікті ісі. Валерия өзінің жолын жасөспірім кезінен бастап бастауыш сынып оқушыларына білім үйретіп бастаған. 2018 жылдың 7 тамызында ол жеке кәсіпкерлікті ресми түрде тіркеп, үйде репетиторлықпен айналыса бастады.
2020 жылы ерекше күтімді қажет ететін қызының дүниеге келуі Валерияның кәсіби өміріндегі бетбұрыс кезең болды. Бұл оқиға оны алға ұмтылуға шабыттандырды. Ол үйден оқыту форматын тоқтатып, Сәтбаев қаласында алғашқы тіл орталығын ашты. Бұл қадам оның кәсібінде жаңа кезеңнің басталуына себеп болды және одан әрі кеңеюге жол ашты.
2024 жылы ісін одан әрі дамыту мақсатында Валерия Ұлытау облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалына мемлекеттік қолдау алу үшін жүгінді. Нәтижесінде, Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында оған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жылдық мөлшерлемесі 10%-ға дейін төмендетілген жеңілдетілген несие мақұлданды. Бұл қолдаудың арқасында ол Сәтбаев қаласында «Lingva» атты екінші тіл орталығын ашу жоспарын сәтті жүзеге асырды.
Бүгінде Валерияның тіл орталығында 6 жастан бастап балалар және қазақ пен ағылшын тілдерін үйренгісі немесе білімін жетілдіргісі келетін ересектер білім алуда. Орталық сонымен қатар ҰБТ мен IELTS емтихандарына дайындық курстарын ұсынады, бұл оның көпсалалылығын және нәтижеге бағытталғанын көрсетеді. «Lingva» орталығында әлеуметтік жауапкершілікке ерекше мән беріледі: көпбалалы отбасылардың балаларына, бір отбасынан бірнеше бала оқығанда және бірнеше курсқа бірден жазылғандар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бұл білім алуды көбірек адамға қолжетімділігі және ашық етеді. Валерияның жұмыстағы басты қағидасы — оқушыларымен жасына қарамастан бір толқында болу. Осындай сенім мен құрметке, белсенділікке негізделген ахуалы оқыту процесін тек тиімді ғана емес, сонымен қатар шабыттандыратын етеді.
Әрине, бұл жол оңай болған жоқ. Валерия кадр тапшылығы мен халыққа ыңғайлы орын табудағы қиындықтармен бетпе-бет келді. Алайда барлық кедергілерді еңсере отырып, ол тұрақты әрі сұранысқа ие кәсіпті қалыптастыра алды. Бүгінде оның командасында 5 білікті оқытушы жұмыс істейді, ал оқушылар саны бірнеше есе артты.
«Сіздерде тамаша капитал, команда немесе тәжірибе болмауы мүмкін. Бірақ сізде бар - сіздің дағдыларыңыз, өз ісіңізге деген сүйіспеншілігіңіз және оқуға деген ұмтылысыңыз. Бұл бастауға және алғашқы қадамды жасауға жеткілікті!» — дейді Валерия жаңа бастаған кәсіпкерлерге арнаған тілегінде.
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 6-үй
+7 705 223 14 78
инстаграм: @lingva_sat