Кеңес ал!
SilkWay Deluxe компаниясы, Темирханов Асет Бақытбекұлының бастамасымен құрылған, Абай облысындағы қонақүй және ойын-сауық саласында өз орнын сенімді түрде қалыптастырып үлгерді. Кәсіпкерлік жолын Асет 2019 жылы «Рублевские бани» монша кешенін ашудан бастады. Ол кезде командада бар болғаны үш қызметкер болды, ал бастапқы капитал 23 миллион теңгені құрады. Өз ісінің иесі болуды армандап, бірнеше жыл бойы капитал жинаған Асет, жұмыстан шығып, жеке кәсібін бастауға бел буды.
Өткен жылдар ішінде компания айтарлықтай өсім көрсетті: 3 қызметкерден 65 адамға дейін, бірнеше моншадан – үлкен көпсалалы кешенге дейін кеңейді. Бұл кешенге «Silk Way» және «Silk Way Deluxe» қонақүйлері, аймақтағы ең үлкен жабық аквапарк «Аква баня», «Подиум» рестобары, су сырғанағы мен бассейндері бар 7 тақырыптық монша кабинасы, дүкені бар 6 классикалық монша кабинкасы және 60 орындық рестобар мен 47-ден астам қонақүй бөлмесі кіреді. Мұның барлығы бір локацияда орналасқан, бұл жобаны өңір үшін ерекше әрі қонақтар үшін өте қолайлы етеді. Түрлі қызметтердің бір жерде үйлесуі – компанияның басты артықшылығы мен айрықша белгісі.
Компания дамуының негізгі кезеңдеріне бизнесті кеңейту мақсатында ірі құрылыс жобаларын жүзеге асыру, жаңа бағыттарды белсенді енгізу және қызмет көрсетуді оңтайландыру жатады. Асет мырза үшін басты жетістіктердің бірі – түрлі қиындықтарды еңсеру: қаржыландыру мәселелері, білікті кадрлар табу және нысандарды пайдалануға беру кезеңдерінен өту. Қиындықтарға қарамастан, компания 10 000-нан астам клиентке қызмет көрсетіп, сапалы сервис пен жайлылықты басты орынға қоя білді.
SilkWay Deluxe компаниясы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен тығыз жұмыс істейді. Қор тарапынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және түрлі бағдарламаларға қатысу арқылы қолдау көрсетілуде. Алынған қаражаттар толықтай нысандардың құрылысы мен даму жұмыстарына бағытталды. Нәтижесінде қызметкерлер саны 20 еседен астамға артты, ал сату көлемі айтарлықтай ұлғайды.
Компания қонақүй және ойын-сауық саласындағы толық қызмет спектрін ұсынады: тұру, монша, бассейн, аквапарк және мейрамхана қызметтері. Барлық бағыттар Instagram желісіндегі парақшалар арқылы белсенді түрде насихатталады: • @rublevskie_bani • @podium_restobar • @akvabanya_akvapark_semey • @akvabanya_penthouse • @hotel_silkway_deluxe_semey • @hotel_silkway_semey
Болашаққа арналған жоспарлар да ауқымды: алдағы екі жылда Асет Темирханов үшінші қонақүй, караоке-ресторан, киім дүкені мен кеңсе ғимаратын ашуды жоспарлап отыр. Ол кәсіптегі ең үлкен сабақтардың бірі ретінде — «ауызша келіскен келісімдерге сену» қателігін атайды. Сондықтан оның басты қағидасы — «Тек қана алға! Тек кана Алға!» Жаңа бастаған кәсіпкерлерге ол қысқа әрі нақты кеңес береді: «Керемет сәтті күтпе — дәл қазір баста. Әрине, ақылмен!»
2022 жылы кәсіпкер "Халық Банкі" арқылы «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алды. Бұл бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 6% болып бекітілді.
"Aqua Баня" жеке кәсіпкерлігі, Темирханов Асет Бақытбекұлының атынан
Абай облысы, Семей қаласы, Менжинский көшесі, 80 Г
+7 777 368 4844
Inst: @hotel_silkway_semey