menu
Жабу

Кеңес ал!

Шымкент қаласында «Даму» Қорының баспасөз конференциясы өтті: басты назар – шағын бизнеске қолдау!

08.08.2025

Шымкент қаласында «Даму» Қорының өңірлік филиалы ұйымдастырған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған екі маңызды бағдарлама — «Өрлеу» және «Кепілдік Қоры-1» таныстырылды.

«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыруға бағытталған, кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен қаржылық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Ал «Кепілдік Қор-1» кредиттер бойынша кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған, бұл бизнеске кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда да қажетті қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

Спикер: «Даму» Қорының Шымкент қ. бойынша аймақтық филиалының директоры - Тлемісов Әсет Сағадатұлы.

Бұл шаралар «Даму» қорының кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға қолайлы орта құруға, өңірлік экономиканы нығайтуға және бастамашыл азаматтарды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді.