menu
Жабу

Жаңаөзен қаласында «Бастау» қонақ үйі ашылды

Жаңалықтар
09.08.2017

Жаңаөзендік кәсіпкер Игсатова Дариға Елубайқызы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегімен «Бастау» қонақ үй кешенін ашты. Салтанаты рәсім 4 тамызда өтті.


Маңғыстау айналысындағы қасиетті жерлерге зиярат етушілер саны жыл өткен сайын артып келеді. «Бастау» қонақ үйі Жаңаөзен қаласының орталығында, қаланың бас алаңында орналасқан.


4 қабатты, террассасы бар, жалпы аумағы 1 500 ш.м. алып жатыр. Террасада бар мен клиенттердің демалыс орны, 1-2-3-қабаттарда қонақ бөлмелер, 4-қабатта 40-50 орындық мейрамхана, ең астыңғы қабатта конференц-зал, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері бар. Қонақ үйде 25 бөлме болса, оның жиырмасы стандарт, екеуі жартылай люкс және үш люкс нөмір.


Бизнес жобасын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 62 116 810 теңге несиені 14%-бен алды 84 айға алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында субсидия алды. Нәтижесінде 18%-дың 8%-ын өз төлейді, 10%-ы мемлекет есебінен қайтарымсыз негізде өтеледі. Сондай-ақ, кепілзат жетпеуіне байланысты «Даму» Қоры 25 161 811 теңге, яғни несиенің 41%-ына кепілдік берді.


Жоба аясында жиырмадан астам жаңа жұмыс орны ашылды.