menu
Жабу

Кеңес ал!

Кайрат Амиркиннің кәсіпкерлік жолы: 10 000 теңгеден бастап өз супермаркетіне дейінгі жол

04.08.2025

Қайрат Амиркиннің кәсіпкерлік жолы 2006 жылы балмұздақ сатудан басталды. Бастапқы капиталы небәрі 10 000 теңге еді. Негізгі тірегі мен шабыт көзі — отбасы болды, әсіресе 2000 жылдардың басынан бастап үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеген анасы. КСРО ыдырағаннан кейін қиын жағдайға тап болған ол кезде балалар ерте жастан анасын қолдауға тырысты. Дәл сол кезеңде сауда дағдылары мен өз бетінше табыс табуға деген ұмтылыс қалыптаса бастады.

Бизнес негізі әрдайым адал бөлшек саудаға — азық-түлікке, көкөністер мен жеміс-жидектерге негізделді, алкоголь өнімдері мүлде сатылған жоқ. Алғашқы сауда базардағы үстелдерден басталып, кейін жалға алынған ғимараттарға, одан соң өз нысандарына ауысты. Біртіндеп өнім түрлері көбейіп, көлемі артты, ірі форматтарға көшу жұмыстары басталды.

Уақыт өте келе кәсіпкер бизнесін кеңейтті: қонақүй ашылып, көтерме-тарату орталығы құрылды, сондай-ақ Central Market супермаркеті іске қосылды. Бұл нысан аудан орталығының дамуына үлкен үлес қосты. Супермаркет ішінде келушілер демалып, тамақтана алатын аймақ қарастырылған. Барлық жабдықтар заманауи техникамен, негізінен қазақстандық өндірістен, жабдықталған.

Central Market іске қосу кезінде айтарлықтай қиындықтар болды: ғимарат жөнделмеген күйде болды, күрделі жөндеуге және айналым қаражатын толықтыруға едәуір қаражат қажет еді. 2024 жылы бұл жоба « Ішкі сауда субъектілерін қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы алынған бизнес-несие көмегімен жүзеге асты. Несие бойынша жалпы 19,25% мөлшерлеменің тек 10% кәсіпкердің өзі төлейді, қалған бөлігі «Даму» қоры арқылы субсидияланады.

Алынған несие қаражаты жөндеу жұмыстарын аяқтауға, өнім мен жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ қызметкерлер санын арттыруға мүмкіндік берді. Жұмысшылар саны 7 адамнан 12-ге дейін көбейді, және қызметкерлерді қабылдау жалғасып жатыр. Алдағы жоспар — өз наубайханасын ашып, өнім түрлерін көбейту.

Қазіргі таңда Тимирязев ауылында үш азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Бизнес қарқынды дамып келеді, негізгі назар — сапалы және тұрақты сауда инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Болашақта Қайрат Амиркин өз өндірісін ашып, халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отыр.

Бұл оқиға — табандылықтың, еңбек пен сенімнің, отбасылық қолдаудың арқасында тұрақты және саналы табысқа жетуге болатынын көрсететін үлгі. Барлық қиындықтар мен қателіктерге қарамастан, кәсіпкер өз мақсатын ұмытпай, алға қарай қадам басуда.

Адрес: СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Валиханова к-сі, 3а-үй

Телефон: +7 (776) 990–71–50