menu
Жабу

Кеңес ал!

Z-Zone-жиһаз индустриясындағы қуатты серпіліс

19.08.2025

Идеядан ауқымды өндіріске. «Z-Zone» компаниясының негізін «Даму» қорының қолдауымен Жансерік Өмірбек қалаған. Негізінен заманауи технологияларды және әр тапсырысқа жеке назар аудара отырып сапалы жиһаз өндіреді.

2025 жылы кәсіпорын Кепілдік беру бағдарламасы аясында «Даму» қорынан қолдау алды. Кепіл сомасы 17,344 млн теңгені (қарыз сомасының 50%-ы) құрады, қаржыландыру «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – өндірістік қуатты арттыру үшін жабдық сатып алу және шикізат алу.

Қордың қолдауы компанияға жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруға, өнім сапасы мен өндіріс жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Бүгінде «Z-Zone» өндіріс көлемін ұлғайтуға, жиһаздың жаңа түрлерін шығаруға және жаңа нарықтарға шығуға ниетті. Компания басшысы табысқа жету үшін мақсат, жоспар және сенімді серіктестер қажет екеніне сенімді.

«Нәтиже керек болса – мінсіз жағдайды күтпей, әрекет ет».

Инстаграмм: @el_qaniyy_01

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Қараөткел ауылы, Айша бибі, 9

+7 775 372 23 25