Кеңес ал!
«Жиһаз Петропавловск» ЖШС корпусты жиһаз өндірісінен іс бастаған. Уақыт өте келе тың ойлар мен биік мақсаттар келді. Нарықтағы сұраныс пен отандық өндірушілер тарапынан ұсыныстарды байқай отырып, 2017 жылы қызмет бағытын кеңейтіп, сапалы матрастар өндіруге көшті. Өнімді барынша қолжетімді ету мақсатында компания жүк тасымалы саласында да жеке бағытын дамытты. Бүгінде автопаркте бес заманауи жүк тартқыш пен бес жартылай тіркеме бар, бұл логистиканы оңтайландыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазір «Жиһаз Петропавловск» ЖШС – толық циклды заманауи кәсіпорын. «Сова» матрас фабрикасы» брендімен матрас, жастық және төсеніш шығарады. 8 жылдан астам уақыт ішінде «Жиһаз Петропавловск» тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда ұйқыға арналған тауарлар өндірісі саласында көшбасшылардың бірі ретінде беделге ие болды.
Компания философиясы – заманауи технологияларды тексерілген жайлылық стандарттарымен ұштастыра отырып, ең жоғары сапалы өнім жасауға ұмтылу. Матрастарды өндіруде жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтары қолданылады, бұл әр бұйымның бөлшектеріндегі айрықша дәлдік пен мінсіз орындалуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өндіріс процесі жоғары сапалы сымнан серіппелі блок қалыптастырудан басталады. Одан кейін латекс, кокос талшығы және басқа да материалдардан толтырғыштар дайындалады, қаптамалар мен сыртқы маталар тігіледі. Соңғы кезең – матрасты құрастыру, содан кейін өнім иесіне ұзақ жылдар бойы қызмет етуге дайын болады. Ассортиментте ерекше орын алатыны – серіппесіз, «Боннель» тәуелді серіппе блогы және «Pocket Spring» тәуелсіз серіппе блогы негізіндегі ортопедиялық үлгілер. Фабрика жылына 35 000–40 000 матрас шығарады, олардың әрқайсысы жайлылықты, ұзақ мерзімділікті және көркемдікті үйлестіреді.
Компанияның дамуы үнемі жетілдіру мен мүмкіндіктерін кеңейтусіз мүмкін емес. Фабрика бизнесті қолдаудың мемлекеттік тетіктерін белсенді пайдаланып, айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алады. «ДАМУ» қоры пайыздық мөлшерлемені 21%-дан 6%-ға дейін субсидиялауының арқасында несиелеу шарттары кәсіпорын үшін барынша тиімді болуда.
2025 жылы фабрика «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы бойынша несие алып, оны өндірістік шикізат сатып алуға бағыттады, банкке кепіл ретінде Қор тарапынан несие сомасының 85%-ына кепілдік берілді.
««Сова» матрас фабрикасы – бұл тәжірибе, заманауи технология және әр клиентке деген қамқорлықтың үйлесімі. Біз жай ғана матрас жасамаймыз – біз сіздің толыққанды әрі сау ұйқыңызға жағдай жасаймыз», – дейді директор Арман Аренов.
СҚО, Петропавл қ-сы, Медведева к-сі, 41
Тел: +7 (707) 340-05-02
Instagram: @matrass.sova
Сайт https://so-va.kz/
Эл.почта: market@so-va.kz