menu
Жабу

Кеңес ал!

Нөлден басталған бизнес: Любовь Фоминаның табыс сыры

14.08.2025

Фомина Любовь Михайловна 2013 жылдың 14 қарашасында тіркелді. Іскерлік қызметті бастар алдында дизайнер болып жұмыс істеген. Өз идеяларын жүзеге асырып, өзгенің көзқарасына байланбай, кәсіп бастау деген шешімге келгенде ісін нөлден бастаған. Алғашқы клиенттері — таныстарына ол бірегей дизайнерлік жиһаз жасады. Уақыт өте келе тапсырыс берушілерге деген ерекше тәсіл, басқа дизайнерлермен әріптестік және өзінің түпнұсқа жобаларының арқасында ол ірі кәсіпорындармен де жұмыс істей бастады. Кәсіптің ерекшелігі — индивидуал тәсіл және эксклюзив. Әр бұйым — шығармашылық ізденіс пен кәсібиліктің нәтижесі. Жұмыс жылдары ішінде кәсіпорын өсті, қазір командада 14 адам жұмыс істейді, және барлық жиһаз тек тапсырыс бойынша жасалады.
Компанияның дамуының ең басты кезеңдерінің бірі — заманауи жоғары сапалы жабдықты сатып алу және өндірісті автоматтандыру болды. Алайда бұл жол оңай болған жоқ — кәсіпті бастаған үшін басты сынақ — қаржыландыру және басшының идеясын, құндылығын бөлісетін ұқсас көзқарастағы команданы жинау болды.

Жабдық сатып алу үшін инвестиция алу мақсатында Любовь Михайловна «Даму» қорының қолдауына жүгінді, «1-кепілдік қоры аясында мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Жоба қордың кепілдігін алды, бұл — бизнесті дамытуда маңызды серпіліс болды.

«Ең бастысы — мақсатқа ұмтылу және тәуекелден қорықпау. Тәуекелге бармаған — шампан ішпейді»,- дейді Любовь Михайловна.
Мейлінше осындай ұран оған батыл шешімдер қабылдауға және қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға көмектеседі.
Жақын жоспарларында — өз ғимаратын сатып алу және бизнесін әрі қарай кеңейту бар. Өзіндік сенімділік, отбасы мен команданың қолдауы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың көмегі — бұның бәрі тұрақты өсімнің негізі болды.
«Даму» қорының бағдарламаларымен әрбір арман шындыққа айналады. 

Мекенжай: ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 38

Телефон: 8 777 279 4740

Instagram: @lorex_mebel