Кеңес ал!
Кейде бәрін өзгерту үшін бір батыл шешім жеткілікті. Амир Рүстемовтың кәсіпкерлік тарихы 2021 жылдың желтоқсанында осылай басталды.
Ол өз жолын сауна ашудан бастады. Жобаның табысты болуы оны жаңа бастама – киім дүкенін ашуға шабыттандырды. Ол тұрғындарға «әдемі киінуге» көмектесіп, қалада қолжетімді бағада дүкен ашты.
Бизнес өсті, клиенттер риза болды, ал кіріс тұрақты түрде ұлғайып отырды. Бірақ Амир осымен тоқтап қалған жоқ.
2024 жылы ол өндірістік саладағы мүмкіндіктерді көріп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына мемлекеттік қолдау сұрады. Нәтижесінде ол «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, несие алды.
Осылайша жаңа бағыт — шлакоблоктар мен вибропресс кірпіштер өндіру кәсібі іске қосылды. Бұл жоба нарықта мықты бәсекелеске айналды. Ассортименті кең: қуыс және тұтас шлакоблоктар, құмблоктар, тротуар плиткалары, жиектастар, қоршауларға арналған тас блоктар.
Өндіріс тез қарқын алды - күніне 1500-ден 2000-ға дейін өнім бірлігі. Кеңейту үшін Әмір қорға қолдау сұрап тағы да жүгінді және «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 12,6% жеңілдікпен қаржыландыруға, сондай-ақ шикізат сатып алу үшін «1-кепілдік беру қоры» аясында 78% кепілдікке ие болды.
Бүгінде оның кәсіпорны – жай ғана цех емес, жаңа жұмыс орындарын құрып, өңірдің дамуына үлес қосатын толыққанды жүйе.
Жоспарда - жаңа саланы игеру, Жезқазған тұрғындары мен қонақтары үшін мейрамхана ашу.
«Көп мақсат қойыңыз, табанды, шыдамды және жан-жақты болыңыздар. Ең бастысы – белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңіп, өз бастамаларыңыздың табысты болатынына сеніңіз. Сонда ісіңіз жүреді», - дейді Амир.
«Рустемов А.А». ЖК тарихы - бұл бір адамның бірнеше шыңды бағындырып, өзіне ғана емес, қоғамға да пайда әкелетіндігінің мысалы.
Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Берденова к-сі 4
Тел.: +7 776 555 9777