menu
Жабу

Кеңес ал!

Каспий жағасындағы кәсіп: Trans Service-40 тарихы

19.08.2025

«Trans Service-40» ЖК бизнесі 2017 жылы басталды.


Алғашында ерлі-зайыпты Асқар Елешов пен Жадыра Омарова «Даму» қорының қолдауымен Shacman жүк көлігін сатып алып, қызмет көрсете бастады. Уақыт өте келе олар Маңғыстау облысындағы туризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқап, жаңа бағыт — Каспий теңізіндегі серуенді дамытуды шешті. 2025 жылдың сәуір айында олар катер сатып алып, теңізде экскурсия және ойын-сауық сапарларына шыға бастады. Катерге 25 адамға дейін сыяды, бұл топпен серуен және отбасылық демалыс қызметіне ыңғайлы. 

Trans Service 40 көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер ұсынады, аналарға 50% жеңілдік, балаларға арнайы баға қарастырылған. Мұндай тәсіл Каспийдегі серуенге көбірек адам шығып, клиенттер сеніміне кіруге мүмкіндік береді. Бизнес дамуының басты қадамы — катерді іске қосу мен Ақтау қаласындағы ішкі туризмге басымдық беру болды.


Бұл шешім жергілікті тұрғындар мен өңір қонақтарының назарын Каспий теңізіндегі демалыс мүмкіндіктеріне аударды. Каспий күндіз де, түнде де, әсіресе қалада түнгі шамдар жанған кезде өте әдемі көрінеді. Бұл жолда ең үлкен қиындық — қауіпсіз әрі сыйымды катер табу болды. «Даму» қоры «Кепілдік қоры» аясында қолдау көрсетіп, кәсіпкерге катер сатып алуға мүмкіндік берді. 

Бұл – жаңа бағытты дамытудағы шешуші қадам болды. Қазір командада екі-ақ адам — Жадыра мен оның жары Асқар. Олар алдымен сұранысты түсіну үшін қызметті өздері жүргізіп көрмек болды. Енді қосымша катер жүргізушілерін жалдап, бизнесті кеңейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпкерлер алдағы уақытта жылдам жүретін катер сатып алып, жаңа қызмет түрлерін ұсынбақ.

Компанияның басты жоспарлары — туризм бағытын кеңейту және дамыту. Ендігі кезең — теңіз жағалауынан жайлы демалыс үйлерін салу. Бұл туристерге тек теңіз серуенінен ғана емес, бірнеше күнге табиғат аясында толық демалуға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4а ш/а, жағажай.

Тел: + 7 705 387 36 40