Кеңес ал!
«PAPA MASSAZHIST» – кәсібилік пен табандылықтың, адамгершілік пен шынайы жанашырлықтың үйлесімі. Бұл орталықтың негізін қалаушысы әрі директоры, тәжірибелі массаж маманы Төлегенов Абылайхан Маратұлы осы саладағы жолын 2015 жылы бастады. Дәл сол жылы ол алғаш рет массаж кабинетін ашып, батыл түрде кәсіпкерлікке қадам басты. Алайда алғашқы жоба ұзаққа созылмады – нарықтағы қатаң бәсекелестік пен тәжірибенің жеткіліксіздігі өз әсерін тигізді. Дегенмен бұл сынақ кейінгі жетістіктерге берік іргетас бола білді.
2016 жылдан бастап Абылайхан Маратович жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүріп, бос уақытында үйге барып массаж жасаумен айналыса бастады. Оның жұмыс күні таңғы сағат 06:00-де басталып, кешкі 22:00-де аяқталатын. Тынбай еңбектену мен жанқиярлық өз нәтижесін беріп, оның кәсіби деңгейінің артуына ықпал етті. Бұл кезеңде басты мақсат – пайда табу емес, нәтиже мен ата-аналардың алғысын алу болды.
Клиенттер саны тұрақты деңгейге жеткен кезде, 2020 жылы массаж кабинетін қайта ашу жөнінде шешім қабылданды. Бұл жолы жоба отбасылық іске айналды – жұбайы массаж ісіне жаңадан үйреніп, олар бірлесіп жұмыс істей бастады. Ортақ мақсат пен отбасының қолдауы орталықтың берік негізін қалыптастырды.
2022–2023 жылдары кәсіпкер білім беру бағытын дамытып, массажистерді оқытуды бастады. Үздік шәкірттердің ішінен кәсіби команда құрылды. Қазіргі уақытта орталықта 6 массаж маманы мен 2 администратор жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында 500-ден астам оқушы дайындалып, 20 000-нан астам балаға тиімді көмек көрсетілді.
Орталықтың басты артықшылықтарының бірі – тегін бастапқы тексеріс пен кеңес беру. Бұл ата-аналарға баласының денсаулығы туралы толық мәлімет алып, әрі қарай қандай бағытта жұмыс істеу керектігін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл орталық қызметінің негізінде адалдық пен адамға деген шынайы қамқорлық жатқанын айқын көрсетеді.
Абылайхан Маратович үшін бұл іс – жай ғана бизнес емес, мыңдаған баланың өмірін өзгертетін миссия. Ол остеопатия бағытын терең меңгеріп, балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу кешігуін жеңу және неврологиялық мәселелерді шешу жолында аянбай еңбек етуде. Қазіргі экологиялық ахуал мен сапасыз тамақтанудың әсерін ескере отырып, мұндай орталықтардың қоғам үшін маңызы арта түсуде.
2025 жылы кәсіптің ауқымын кеңейту және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа ғимарат сатып алынды. Бұл үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ берген қарыз қаражаты пайдаланылып, қосымша «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның "Кепілдік қоры 1" бағдарламасы аясындағы кепілдік қолдауы арқылы мүліктік қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бұл өз кезегінде орталықтың тұрақты дамуына қажетті ресурстарды алуға мүмкіндік берді.
Бүгінде «PAPA MASSAZHIST» орталығы Астанада екі, Қарағандыда бір филиалмен жұмыс істеп жатыр. Алайда бұл тек бастамасы. Жақын арада Қазақстанның барлық өңірлерінде орталықтар ашу жоспарда бар.«PAPA MASSAZHIST» – әр баланың денсаулығы үшін адал еңбек етіп жүрген, жүректен шыққан істің көрінісі. Әр бала – біздің ең басты құндылығымыз, ал әрбір нәтижелі жұмыс – біздің ең үлкен жеңісіміз.
Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 6-үй, Момышұлы көшесі, 2/9-үй
Қарағанды қаласы, Язев көшесі, 10-үй, Оңтүстік ықшам ауданы
Телефон: +7 702 701 0093
Instagram: @papa_massazhist_astana