menu
Жабу

Кеңес ал!

Таза дән — үлкен жетістікке жол салды

20.08.2025

 

«Асыл дән LTD» ЖШС – экологиялық таза күріш өсіріп, өңдейтін отандық кәсіпорын. Компания ішкі және сыртқы нарықта сенімді серіктес ретінде танымал. Негізгі қызмет бағыттары – күріш өсіру, сақтау, өңдеу, буып-түю және сапа мен мерзімді сақтай отырып тұтынушыға жеткізу.

Кәсіпорын заманауи технологиялармен жабдықталған, зертханасы бар, ол өнім сапасы мен өңдеу процесінің барлық кезеңдерін бақылап отырады. Сондай-ақ, автотаразы мен шикізат пен дайын өнімге арналған қоймалары бар.

Компанияның тарихы 2013 жылы 30 сотық жері және тәулігіне 25 тонна күріш өңдеу қуаты бар шағын цехты сатып алудан басталды. Сол жылы-ақ жаңа зауыттың құрылысы мен мини-цехты қайта жаңарту жұмыстары басталып кетті. Қосымша жер телімдері сатып алынып, дайын өнім мен шикізатты сақтауға арналған қоймалар салынды.

Бүгінде компания тәулігіне 80 тонна шикі күріш өңдейтін заманауи зауытқа ие. Бұл өндірістік қуат пен даму стратегиясының нәтижесі.

«Асыл дән LTD» ЖШС құрылған сәттен бастап мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда, әсіресе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламалары аясында. Қордың қолдауы кәсіпорынның өсуі мен жаңаруына үлкен серпін берді. Осы жылдар ішінде өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобалар, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылды.

2025 жылы кәсіпорын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 85% кепілдік алып, көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл аграршыларға қажетті тұқым, тыңайтқыш алып, техника дайындап, маусымдық жұмыстарды сапалы атқаруға жол ашты.

Сонымен қатар, мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы аясында компания Қазақстан Халық Банкі арқылы жылдық 12,6% жеңілдетілген несие алып, жұмыс істеп тұрған несиелерін қайта қаржыландырып, айналым қаражатын толықтыра алды.

Бүгінде «Асыл дән LTD» өнімдері 10-нан астам елге экспортталады: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия және Түркия. Өнімнің жоғары сапасы мен экологиялық тазалығының арқасында компания өнімдеріне деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. 

Қызылорда қаласы, Қайнарбаев көшесі, 35

Тел: +7 701 970 33 00, +7 7242 25 93 06

Эл.пошта asyl-dan.kz