Кеңес ал!
«ТЕТРА» ЖК 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания және қазір Қостанай облысындағы ірі дәнекерленген тор өндірушілердің бірі. Барлық өнімдер жоғары сапалы, өндірісте тек аса сапалы шикізат қолданылады. Компания клиенттермен тікелей жұмыс істейді, бұл өте тиімді, өйткені өндірушіге тікелей жүгіну арқылы сатып алушы айтарлықтай қаржы үнемдей алады.
Компания кірпіш қалау, бетон құюға, қоршау салу, сылақ ұру сияқты жұмыстардың барлығына қажет темір тор шығарады. Қызметкерлердің жоғары кәсіпқойлығы және бүкіл жұмыс кезеңінде сапалы қызмет көрсету компанияға Қазақстан Республикасының нарығындағы ең сенімді серіктестердің бірі ретінде беделге ие болуға мүмкіндік берді.
2023 жылы компания жаңа бағыт – металды лазермен кесуді игере бастады. Лазермен кесудің негізгі артықшылықтары: металды 25 мм-ге аса дәл кесуге, бөлшектерге сәйкес сызбалар жасауға мүмкіндік береді.
Компания мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысқан. 2022 жылғы қарашада «Банк Центркредит» АҚ арқылы несие алып, жабдық сатып аларда «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасының бірінші бағыты аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, 85% көлемінде кепілдік берді. 2023 жылдың сәуір айында да дәл осындай көмекті айналым қаражатын толықтыруға пайдаланды. Ал 2024 жылдың ақпан айында компания «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында өндіріс үшін қосымша жабдықтар сатып алды. Соңғы рет биыл мамыр айында «ТЕТРА» ЖК «Банк Центркредит» арқылы айналым қаражатын толықтыруға қаржы алғанда «Даму» Қоры «1-кепілді қоры» бойынша несие сомасының 50%-ына кепіл болды.
«Біз бір орында тұрып қалмай, трендтен қалмауға тырысамыз, үнемі жетіліп, дамып отырамыз. «Даму» Қорының арқасында біз ең жаңа жабдықты сатып алып, дәнекерленген тор шығаратын екінші цехымызды аштық және өндіріс қуатын арттыра алдық»,-дейді компания директоры Иван Валерьевич Писмак.
Қостанай қаласы, Мәуленов көшесі, 16/2, каб.1
Телефон: 8 (7142) 91 77 70
Сайт: kspartner.kz, setka10.kz, laser10.kz