menu
Жабу

Кеңес ал!

Бизнесіңіз дағдарыстар мен сәннен де ұзақ өмір сүрсін десеңіз – адамдарға пайда әкелетін етіп құрыңыз

21.08.2025

«SHEKOVA» компаниясы өз қызметін 2011 жылы бастады. Компанияның негізін қалаушы Максим Яппаров сол уақытта Қазақстанның ірі металлургиялық холдингтерінде жұмыс істеуде мол тәжірибе жинаған еді. Бастапқы қадам шамамен 15 миллион теңге көлеміндегі жеке қаражатпен және небәрі бес адамнан тұратын шағын командамен жасалды. Бизнесті құру идеясы нарыққа стандартты «сатып алушы-ақша, сатушы-тауар» сызбасынан тыс жаңа өзара іс-қимыл форматын ұсыну ниетінен туындады.

Алғашқы күндерден бастап «SHEKOVA» тек құбырлар мен металпрокат жеткізуге ғана емес, сонымен қатар кешенді қызмет көрсетуге -өңдеу, жеткізу, сондай-ақ клиенттерге техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуге баса назар аударды.

Компанияның басты ерекшелігі- клиенттермен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталуы. Бұл тәсіл кейде бір сәттік пайдадан бас тартуды талап етті, бірақ берік бедел қалыптастыруға және көптеген серіктестерді жылдар бойы сақтап қалуға мүмкіндік берді. 12 жыл ішінде «SHEKOVA» шағын сауда ұйымынан өз өндірістік қуаттары бар ірі жеткізушіге дейін өсті. Бүгінде компанияда 50-ден астам білікті маман еңбек етеді, ал оның қызметтерін ел бойынша 3000-нан астам кәсіпорын пайдаланған.

Компания дамуының маңызды кезеңдерінің бірі – өндірістік желіні кеңейту және жаңғырту болды. Бұл қадамды іске асыру үшін «Даму-регионы III» мемлекеттік бағдарламасы аясында АО ДБ «Альфа-Банк»-тен заманауи жабдық сатып алуға 450 миллион теңге көлемінде несие алынды. Сондай-ақ, айналым қаражатын толықтыру үшін АО Банк «Bank RBK»-тен 500 миллион теңге қарыз тартылды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында несиелердің пайыздық мөлшерлемесі 21,75%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Оған қоса, жаңа «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында компания Банк ЦентрКредит арқылы бизнесті одан әрі дамыту үшін айналым қаражатын толықтыруға тағы 500 миллион теңге алды. Бұл қадам өндіріс көлемін едәуір арттыруға, импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға, отандық металпрокат ассортиментін кеңейтуге және ЕАЭО елдеріне экспорт мүмкіндіктерін ашуға жол берді. Жаңа желінің іске қосылуы бар жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын құруды да қамтамасыз етті.

Бүгінде «SHEKOVA»-бұл жай ғана жеткізуші емес, кез келген өндірістік міндеттерді шешуге дайын сенімді серіктес. Компания өнімдерін тікелей немесе бүкіл Қазақстан бойынша серіктес желісі арқылы сатып алуға болады. Басшы жас кәсіпкерлерге мынадай кеңес береді: «Аздан бастауға қорықпаңыз. Ең бастысы- адалдық, сапа және сенімділік. Егер клиенттеріңіз сізге сенсе, табыс сөзсіз». Компания ұраны: «Ұзақ мерзімді қарым-қатынас -бір сәттік пайдадан маңызды».

Алдағы 1–2 жылда «SHEKOVA» өндірістік қуаттарын кеңейтуді, металл өңдеудің жаңа технологияларын енгізуді және ЕАЭО елдерінің жаңа нарықтарына шығуды жоспарлап отыр. Басшының айтуынша, басқа кәсіпкерлерді шабыттандыра алатын бір сөз бар: «Бизнесіңізді адамдарға сенім мен пайда әкелу негізінде құрыңыз - сонда ол дағдарыстар мен сәннен де ұзақ өмір сүреді».

Инстаграм: @shekova_kz

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Түрксіб ауданы, Іле жолы, 21А

Байланыс телефондары : +7 705 542 24 54