Кеңес ал!
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «BBB-/A-3» деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін растап, болжамын «тұрақты» деңгейден «оң» деңгейге өзгертті.
Ұлттық шкала бойынша «Даму» қорының рейтингі «kzAAA» деңгейінде сақталған.
S&P «Бәйтерек» тобының кредиттік бейінін бағалау Қазақстанның ұлттық валютадағы рейтингтеріне сәйкес келетінін атап өтті.
«Біздің ойымызша «Даму» қоры топ үшін шешуші болып қала береді, себебі шағын және орта бизнесті қолдауда мемлекет үшін маңызды рөл атқарады», - S&P баспасөз хабарламасында жазылған.
Рейтингтік болжамдар жақында Қазақстан бойынша S&P болжамының «тұрақтыдан» «жағымдыға» көтерілгенінен кейін болды.