menu
Жабу

Кеңес ал!

«Ellin Shoes» ЖШС қазақстандық аяқ киім компаниясы өндірісті дамыту үшін заманауи жабдықтар сатып алды

20.08.2025

«Ellin Shoes» ЖШС – ерлердің сапалы былғары аяқ киімін шығарады. 2025 жылы компания өндіріске заманауи жабдықтар сатып алу үшін «ForteBank» АҚ арқылы 50 000 000 теңге неси қаржы алды. Ол «1-кепілдік беру қоры» бағдарламасы бойынша портфельдік кепілдік беру құралының арқасында мүмкін болды. Несиенің 35 000 000 теңгесіне «Даму» қоры кепіл болды. Бұл – компанияға тәуекелдерді едәуір азайтуға, қаржы сомасын ұлғайтуға және жеңіл несие алуға мүмкіндік берді.

Отандық аяқ киім өндірісін дамытушы «Ellin Shoes» ЖШС күнделікті модельден бастап аяқ киімге дейін тұтынушылардың кең тобына арналған аяқ киім өндірісіне мамандандырылған. Алынған қаржыландырудың арқасында компания өндірістік желілерді жаңғыртуды, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуды және түр-түрін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жаңа жабдықты енгізу өнімділікті 40% -ға арттыруды, процестерді автоматтандыру есебінен өнім сапасын жақсартуды, кәсіпорында қосымша жұмыс орындарын құруды, нарықтағы қазақстандық өнім үлесін ұлғайту есебінен импортты алмастыруды қамтамасыз етті.

ШОБ-тың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Кепілдік беру қоры 1» бағдарламасы шеңберінде портфельдік кепілдік беру құралы жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлерге мемлекет кепілдігімен банк кредиттерін алуға мүмкіндік береді.

«Ellin Shoes» ЖШС қолдауы мемлекет пен отандық өндірушілердің табысты ынтымақтастығының кезекті үлгісі болып табылады, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен қазақстандық экономиканың өсуіне ықпал етеді. 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Хұсайынов көшесі, 7А-үй

Тел. + 7-771-233-84-84