menu
Жабу

Кеңес ал!

«Ет кәсібі – ел игілігі: «KZO ET»

21.08.2025

Жеке кәсіпкер Рсалиев Бекболат — еңбекқорлық, табандылық және мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланудың арқасында шағын отбасылық істі табысты агробизнеске айналдырудың жарқын үлгісі. Ол ауыл шаруашылығындағы қызметін 1998 жылы әкесімен бірге шаруа қожалығын құрудан бастады. Уақыт өте келе жинақтаған тәжірибе, мақсаткерлік және нарықты түсіну оған келесі қадам жасауға мүмкіндік берді — 2007 жылы ол өзінің жеке кәсіпорны «KZO ET» компаниясын құрды.

Бүгінде «KZO ET» — бұл ірі қара мал мен жылқы өсіруден бастап, ет өңдеу мен дайын өнімді сатуға дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын заманауи ауыл шаруашылық кәсіпорны. Компанияның иелігінде бір мезетте 1000 басқа дейін ірі қара мал ұстауға мүмкіндік беретін бордақылау алаңы, қасапхана, қойма жайлары және қала ішінде әлеуметтік бағадағы дүкендерді қоса алғанда, бөлшек сауда желісі бар.

Дүкендер күн сайын жаңа піскен сиыр еті мен жылқы етімен, сондай-ақ өз өндірісінен шыққан ет өнімдерімен — төс еті, бауыр, қазы және басқа да сұранысқа ие өнімдермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, компания танымал еттен жасалған жартылай фабрикаттар шығарады: котлеттер, тұшпара (пельмени), голубцы, тефтельдер, бұл тұтынушыларға дәмді тағамдарды үй жағдайында тез әрі оңай дайындауға мүмкіндік береді. «KZO ET» компаниясы өнім сапасына ерекше мән береді: барлық өнімдер Халал сертификатына ие, бұл санитарлық талаптар мен діни стандарттардың сақталуын көрсетеді.

Көп жылдар бойы «KZO ET» компаниясы «Даму» қоры ұсынған мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып келеді. Қормен ынтымақтастық бизнесті дамыту мен кеңейтуде маңызды рөл атқарды. Әр жылдары «Даму» қорының қолдауымен инвестициялық жобалар мен айналым қаражатын толықтыру бағдарламалары іске асырылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында ЖК «KZO ET» айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Бұл қаржыландыру аясында «Даму» қоры «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы бойынша несие сомасының 39%-ын кепілдендірді.

«KZO ET» компаниясының тарихы — кәсіпкерлік бастама мен мемлекеттік қолдаудың сәтті үйлесімінің көрінісі. Дамуға деген стратегиялық көзқарасы, сапаға басымдық беруі және әлеуметтік жауапкершілігі арқасында компания нарықтағы позициясын нығайтып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикасына елеулі үлес қосуда.

Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Көкжиде к-сі, 56

Тел: +7 771 544 45 45

Инст: @kzo.et