menu
Жабу

Кеңес ал!

Дүкеннен жеке тігін цехына дейін

02.09.2025

Саудадан бастап өз өндірісіне дейін көшкен кәсіпкерлердің тарихы бизнестің табиғи даму жолын көрсетеді. Мұнда капитал мен тәжірибе жинақтау рентабельділік пен тәуелсіздіктің жаңа деңгейлеріне қол жеткізе отырып, қызметті кеңейтуге, тауар жасап шығаруға және компанияның құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Айберген» ЖК иесі Сураншы Айберген Жомартұлы да 2020 жылы Талдықорған қаласының орталығында «ERKEK» ерлер киімі дүкенін ашқан. Дүкен негізінен спорттық костюмдер, күнделікті киім, футболкалар, кроссовкалар, және тағы басқалар сататын. Ең танымал өнім – casual стиль болды. Мұндай киім кеңседе жұмыс істеуге де, серуендеуге, кафеге баруға және қонаққа баруға да жарайды.

Қазір кәсіпкер этно стиль ұлттық киімдер, сондай-ақ ерлер мен әйелдерге арналған күнделікті киім шығаратын тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. Өйткені көптеген стандартты емес өлшемдер мен жеке киімдерді тігуге сұраныс көп түседі.

Осы ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Forte Bank» АҚ-ға жүгініп, инвестицияға, атап айтқанда ғимарат сатып алуға несие алды. Жобаға «Кепілдік қоры» бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры кепілдік берді.

Жобаны сәтті жүзеге асырудағы маңызды факторлардың бірі –кәсіпқойлардың біртұтас және тәжірибелі командасын қалыптастыру. Сондықтан кәсіпорынның кадрлық құрамын жасақтау үшін киім тігуде мол тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар шақырылмақ.

Инстаграм: @erkek.tk

Телефон: +7 777 431 17 57

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, қиылысы, Төлебаев көшесі.