menu
Жабу

Кеңес ал!

Шымкентте жаңа білім ордасы ашылды

02.09.2025

Білім күні қарсаңында Шымкент қаласында «Даму» Қорының қолдауымен жаңа мектеп — Shymkent City School — өз жұмысын бастады. Бұл — мемлекеттік стандартқа сай білім беретін, жеке меншік, бірақ тегін мектеп. Мұнда қауіпсіздік пен шабытты орта, жылы атмосфера мен тәрбиеге мән берілген. Мектептің басты ерекшелігі — заманауи оқу бағдарламасы, тәжірибелі ұстаздар, шығармашылыққа қолдау және мектеп формасының болуы. Мектеп 1100 оқушыға арналған кең әрі заманауи ғимаратта орналасқан.

Оқушыларға арналған үйірмелердің таңдауы кең: спорттық бағыттар, шахмат, көркем гимнастика, домбыра, робототехника, бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Оқу процесі толық күнге жоспарланған:

негізгі сабақтар (09:00–14:30) — тегін,

ұзартылған күн — ақылы,

қосымша курстар мен үйірмелер,

олимпиадаларға дайындық,

1–4 сыныптарға арналған тегін түскі ас.

2024 жылы мектеп «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан жылдық 19,50% мөлшерлемемен құрылысқа қаржы алды, оның 10,50%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Shymkent City School — бұл жай ғана білім ордасы емес, бұл — баланың болашағына салынған инвестиция.