menu
Жабу

Кеңес ал!

«TOBYL» дүкені мүмкіндіктер ұстасына қалай айналды

04.09.2025

«Бакенов Досбол Болатұлы – шағын дүкенді өз өндірісі бар толыққанды кәсіпорынға айналдырған кәсіпкер. 2011 жылы шілдеде Досбол Ақтөбеде құрылыс материалдарын сататын алғашқы бутигін ашқан. Бастапқы капитал небәрі 1-1, 5 миллион теңге, командада 5-8 адам болатын. «Тобыл» дүкені алғашқы күннен бастап нарықта қолжетімді бағасымен ерекшеленді. Онда құрғақ қоспалар, кірпіш, цементтен бастап шатыр мен әрлеу материалдары, сантехника мен құрал-саймандар сияқты құрылыс материалдарының бар түрін сататын. Уақыт өте келе бизнес күшейіп, ассортименті мен штатын кеңейтті, қазір 70-80 адам жұмыс істейді.

Дамудың жаңа кезеңі 2019 жылы Ақтөбеде ауданы мың шаршы метрден асатын жеке цех ашылған кезде басталды. Мұнда кәсіпкер гофрленген тақта, сидинг, гипсокартон профильдері және шатырға арналған қосымша элементтер өндірісін бастады. Ал 2023 жылы өндіріс одан да жоғары деңгейге көтеріліп, металл плиткалар шығаратын желі енді. Осының арқасында компания жергілікті нарықтағы позициясын нығайтып қана қоймай, импортқа тәуелділікті де азайтты.

Бүгінде «Бакенов Досбол Болатұлы» ЖК өзі өнім өндіріп, өзі сататын, ондаған адамды жұмыспен қамтамасыз ететін және құрылыс нарығына сұранысқа ие материалдардың кең ассортиментін ұсынатын тұрақты бизнес нысан. Кәсіпкер сәттіліктің құпиясы қателіктерден қорықпау және алға басуда екеніне сенімді. Оның ұраны қарапайым: «құлаған адам орнынан тұрды. Тек алға!».

Қаржылай прблемалар әрқашан дамудың ең қиын кезеңдерінің бірі болды. «Даму» Қорының қолдауы бұл мәселеде маңызды рөл атқарды: 2019 жылдан бастап кәсіпкер бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт ашу үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламаларын пайдаланды. Ал 2025 жылдың шілдесінде компания 1-кепілдік қоры» аясында айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік алды.

Мекенжайы: Ақтөбе қ., Богослов трассасы, 13А.

+7 708 581 04 04

instagram: @tobyl_stroimarket