Кеңес ал!
«Шыңғыс LTD» ЖШС – бетон өндіру саласындағы жетекші компаниялардың бірі. 2016 жылы құрылған кәсіпорын шағын өндірістен бастап көп салалы құрылымға айналды. Алғашқы күннен бастап «Шыңғыс LTD» құрылыс саласындағы сапаға, сенімділікке және инновацияға басымдық беріп келеді. Компанияның өндірістік қуаттылығы заманауи планетарлық араластырғыштың көмегімен сағатына 60 м³ бетон қоспасын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл технология өндіріс циклдарын арттырып, Қызылорда мен өңір құрылыс нысандарының қажеттілігін жедел қамтамасыз етуге жол ашады.
Компания жалпы құрылысқа арналған стандартты маркалардан бастап, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларға арналған арнайы қоспаларға дейін бетонның кең ассортиментін шығарады. Кәсіпорында дайын өнімді құрылыс алаңдарына тиімді жеткізу үшін заманауи техника мен арнайы көліктер бар.
«Шыңғыс LTD» ЖШС ұзақ жылдар бойы «Даму» қоры арқылы ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдаланып келеді. Қормен серіктестік компанияның тұрақты дамуына үлкен серпін берді. Әр түрлі жылдары инвестициялық жобалар мен айналым қаражатын толықтыруға бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асырылды.
Бұл жолы да мемлекет компанияның жаңа бастамасына қолдау көрсетті. Өңірдің өнеркәсіптік секторының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, 2025 жылы «Шыңғыс LTD» ЖШС жаңа жобаны іске асыруды бастады — бұл OXYTECH – 05 оттегі генераторын орнату. Бұл қондырғы кәсіпорындарды жоғары сапалы техникалық оттегімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай оттегі металлургиядан бастап медицинаға дейінгі түрлі салаларда кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, компания жаңа бетоно-араластырғыш қондырғыны (БСУ) сатып алды. Бұл құрылғы бетон өнімінің көлемін айтарлықтай арттырып, сапасын жақсартуға жол ашады. Жаңа БСУ-дың іске қосылуы компанияның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге, сонымен қатар қала инфрақұрылымының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы БСУ арқылы Қызылорда қаласындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандардың құрылысына қатысу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру үшін компания «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-нан қаржыландыру алды. Несие жылдық 12,6% жеңілдік мөлшерлемесімен берілді. Бұған қоса, «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында жетіспейтін кепіл сомасына мемлекеттік кепілдеме ұсынылды. Бұл кешенді қолдау компанияның дамуындағы жаңа кезеңді бастау үшін сенімді қаржылық негіз болды.
«Шыңғыс LTD» ЖШС тоқтап қалмай, үнемі алға ұмтылады. Компания алдағы уақытта өндірістік қуатын кеңейтуді, жаңа нарықтарға шығуды, сондай-ақ екі бағыт бойынша да экологиялық тиімді технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
Мекенжайы: Қызылорда қ., Белкүл ауылы, Байқадам учаскісі, 9-ғимарат
Телефон: +7 702 922 44 90