Кеңес ал!
«АСК Авторесурсы» ЖШС 2023 жылы екі адамнан тұратын шағын командамен және минимал өндіріс қуатымен қызметін бастады. Компания ол кезде шикізатты қайта өңдеп, ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын. Уақыт өте келе бизнес нарықта өз орнын тауып, қарқынды дами бастады.
Қысқа уақыт ішінде компания саушыдан өндірушіге айналып, 400 ш.м ғимаратты жалға алып, кәсіпорынды іске қосты. Бүгінде мұнда 30-дан астам қызметкер жұмыс істейді, қарапайым бөлшектерден бастап күрделі металл конструкцияларына дейін шығарады.
Биыл компания «Даму» қорынан (1-кепілдік қоры аясында) қолдау алды. Атап айтқанда айналым қаражатын толықтыру үшін «Алатау City Bank»-тен 20 млн теңге несие ресімдеген кезде Қор оның 85%-ы, яғни 17 млн теңгесіне кепілдік берді.
Қордың қолдауы кәсіпорынға жаңғырту жұмыстарын жүргізуге, өнім сапасы мен өндіріс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ «Даму» қорының субсидиясының арқасында кәсіпорын заманауи жабдық сатып алып, қызметкерлерді оқытуға жағдай жасады. Нәтижесінде өндіріс көлемі екі есеге ұлғайып, 10-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Қазір «АСК Авторесурсы» ЖШС комбайндар мен тракторларға арналған сұранысқа ие қосалқы бөлшектер шығарып, қазақстандық шаруаларды сенімді өнімдермен қамтамасыз етуде. Компанияның болашаққа жоспары зор: ТМД елдеріне экспортқа шығу, өндірістік алаңдарды кеңейту және халықаралық нарықтағы орнын нығайту.
«Ең бастысы – жол қиын болса да, ешқашан тоқтамау», - дейді компания директоры Юлия Климова. Дәл осы қағида ұжымға жаңа белестерге жетуге күш беріп отыр.
Инстаграмм: @ask_avtoresursy
Саит: agrotek.kz
мекенжай: Көкшетау, Ш.Уәлиханов, 195
Телефон: +7 (7162) 76‒38‒06, +7‒777‒495‒28‒61