menu
Жабу

Кеңес ал!

«Әрбір элементтің сапасы мен сенімділігі»

22.09.2025

«Атырау жылы үйі» ЖШС зауыты 2012 жылы тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы энергия үнемдейтін конструкцияларды тұрғызу негізінде «Жылы үй» технологиясын қолдана отырып, құрылыс саласында өз қызметін жүзеге асыра бастады. 2016 жылы ST-KZ сертификатын алған соң компания ай сайынғы көлемі 4,5 мың текше метр болатын пенополистирол плиталарының Қазақстандық өнімін өндіруші болды. 2019 жылы компания жиһаз қасбеттерінің өндірісін сәтті іске қосты және сэндвич-панельдер өндірісіне арналған желіні және сәндік қаптау кірпіштерін шығаратын технологиялық желіні сатып алды.

Бұл стратегиялық қадам компанияны жаңа деңгейге шығаруға, компанияның түр-түрін кеңейтуге, құрылыс нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, жаңа сегменттерге (өнеркәсіптік және коммерциялық құрылыс) шығуға, энергия тиімді құрылыс материалдары сегментінде әмбебап жеткізуші ретінде зауыт мәртебесін нығайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, сэндвич-панельдерді жалпы өндірістік циклге біріктіру бағыттар арасындағы ішкі синергияны күшейтті, бөгде жеткізушілерге тәуелділікті төмендетті және бизнестің жалпы маржиналдығын ұлғайтты. Жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу, ішкі ТЖ әзірлеу, мамандар командасын күшейту - осының бәрі одан әрі өсудің берік негізін қалады. Бірнеше жыл ішінде компания қызметкерлер санын 3-тен 72 адамға дейін ұлғайтты, бұл өндірістік қуаттарды кеңейтуге және өңірлік нарықтағы позицияларды нығайтуға мүмкіндік берді. Жұмыс кезеңінде компания 100-ден астам үй салып, 100-ден астам коммерциялық нысанға қызмет көрсетті.

Тұрақты жетiлдiру мен жаңа технологияларды iздестiрудiң арқасында компания меншiктi патенттер негiзiнде құрылыс жылу оқшаулағыш әрлеу және сәндiк материалдардың бiрқатар өндiрiстерiн iске қосты, оларға жылу масад плиталары мен арматураланған фиброполистролбетон негiзiнде сәндiк элементтер өндiрiсi жатады.

Бүгінгі таңда «Атырау жылы үйі» ЖШС өзінің өндірістік базасы, қойма үй-жайы, сатып алынатын құрылыс өнімдерін сататын сауда-бөлшек сауда желісі бар, сондай-ақ құрылыс материалдарын соңғы тұтынушыларға жеткізу қызметі бар.

Тұрақты дамуды қолдау үшін кәсіпорынға қосымша қаржы ресурстары қажет болды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «АҚ-мен ынтымақтастықтың арқасында компания 12,6% мөлшерлемемен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізді.

Компания басшысы Арман Мұратұлы Сағдығалиев атап өткендей: «Біз үнемі өршіл жобаларды іздестірудеміз. «Атырау жылы үйі» Қазақстанның батысында танымал өндірістік брендке айналды және жеткізу географиясын кеңейтеді. «ДАМУ» Қорының көмегі мен қолдауын атап айтпай кетуге болмайды, өйткені біздің компания дәл осы қолдаудың арқасында қысқа мерзім ішінде біздің туған Атырауымызға қажетті және пайдалы бірқатар жобаларды іске асыра алды».

Шабыттандыратын ой: «Сәттілік - кездейсоқ емес, табандылықтың, өзіне деген сенімнің және берілмеуге дайындықтың нәтижесі». «Қазір әрекет етудің ең жақсы уақыты».

Мекен-жайы: Атырау қаласы Өндірістік аймақ Ені құрылыс, 45

Байланыс телефоны: 8075627182

Инстаграм:teplydom.kaz