Кеңес ал!
Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Фархат Сарсекеев, сондай-ақ Басқарма төрағасының орынбасарлары Мұрат Бапаев пен Арсен Мустафин кәсіпкерлермен ашық диалог форматында кездесіп, қолдау құралдары мен жаңа мемлекеттік бағдарламаларды таныстырды. Кәсіпкерлер Қор басшысына бизнеске қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Сонымен қатар, «Даму» Қорының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Әсет Тлемісов, Қордың бағдарламалар жөніндегі менеджерлері, бухгалтерлік есеп, заң, бизнес-жоспарлау, салық саласы мамандары және екінші деңгейлі банк өкілдері де қабылдау жүргізіп, кәсіпкерлерге кәсіби кеңес берді.
Іс-шараға Шымкент қаласының екі жүзге жуық кәсіпкері қатысты. «Ашық есік күні» жоғары деңгейде ұйымдастырылды.