menu
Жабу

Кеңес ал!

Шымкент қаласында құрылыс пен интерьерге арналған «AqQala Build» В2В көрмесі өтіп жатыр!

24.09.2025

Бұл шара – Қазақстандағы құрылыс саласының ең маңызды оқиғаларының бірі. Форум құрылысшыларды, өндірушілерді және жеткізушілерді бір алаңда тоғыстырып, тәжірибе алмасуға және заманауи шешімдерді ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Форумның басты мақсаты – құрылыс материалдарын таңдау үдерісін жеңілдетіп, нарықтың негізгі қатысушыларын бір жерге жинау. Мемлекеттік органдардың қатысуы өнім сапасына бақылау жүргізіп, құрылысшыларға сенімді материалдармен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

«AqQala Build» аясында жаңа жобалар мен ұсыныстар таныстырылып, серіктестік орнату және ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі беріледі. Бұл – инвесторлармен, клиенттермен және бизнес серіктестермен тікелей кездесу алаңы.

Форум Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген қатысушыларды біріктіріп, жаңа бірлескен жобаларға және іскерлік бастамаларға жол ашады.

Биылғы көрмеге «Даму» Қоры және Қор қолдау көрсеткен компаниялар қатысуда. Олардың ішінде: Шымкент қаласынан – «Мega Smart» ЖШС, «АRLAN Юг Строй» ЖШС, «Tectum Engineering» ЖШС, «Энергомера» ЖШС, «Euro Glass» ЖШС, сондай-ақ Қарағанды облысынан – «KazPromAluminum» ЖШС.